САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРЫ ЧЕМПИОН БОЛДЫ

Ауданға аранайы іс сапармен барған облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев «Дене шынықтыру сауықтыру кешеніне» барып, ауданның дене шынықтыру және спорт саласының жай-күйімен танысты. Аудан басшысы А.Абдуллаев облыс әкімінің орынбасарына спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен осы саладағы мәселелерді айтып өтті.

Кездесу барысында Б.Тәжібаев және А.Абдуллаев ағымдағы жылы қаңтар айының 11-13 күндері Талдықорған қаласында волейболдан жасөспірімдер арасында өткен ҚР біріншілігінде Түркістан облысы құрама сапында чемпион болып оралған ауданымыздың жасөспірімдері Ерболатұлы Рахымжан және Қанбатыр Хансұлтанды жеңістерімен құттықтап, арнайы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

— Спорт–денсаулық кепілі десек, спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін жүлделер тынымсыз еңбектің жемісі. Мұндай жеңістер қажырлы күшпен келеді. Жарыста намысты қолдан бермей, облыс мерейін үстем еттіңіздер. Алдағы уақытта да додаларда топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер. Жеңістеріңіз құтты болсын!-деді Б.Тәжібаев

Жиын барысында жас спортшылар спорттағы жетістіктерін айтып, бұдан да жоғарғы белестерді бағындыруға ниетті екендіктерін жеткізіп, облыс әкімінің орынбасарына және аудан әкіміне өз ризашылықтарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *