ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК БАПКЕР 44 ЧЕМПИОН МАШЫҚТАП ШЫҒАРҒАН

Келес ауданында бұқаралақ спортты дамыту мақсатында қажетті шаралар атқарылуда. Аудан орталығында заманға сай алаңдар, стадион мен денешынықтыру алаңдары салынды. Биыл да бұл жұмыстар жалғасып, заманауи үлгідегі спорт комплексі бой көтереді. Нәтижесінде жастарымыз спортқа бет бұрып, ел біріншілігінде, әлемдік додаларда сайыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр.

Спортшының жетістігінде бапкердің алар орны ерекше екенін спортпен айналысып жүрген азаматтар растайды. 14 жылға жуық уақытын жастарға спорттың қыр сырын үйретіп, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеп жүрген Мақсат Бекбаев бүгінгі таңда Келес аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директоры қызметін атқаруда. Еркін күрестен спорт шебері бүгінге дейін 100-ден аса жастарды спортқа баулып, Азия чемпионы және Әлем чемпионаттарынан жүлдегер атандырды. Солардың қатарында 35 Спорт шеберіне үміткер және 9 Спорт шеберін дайындап шықты.

Спортшылардың жеңіс тұғырынан көрінуінің нәтижесінде 2021 және 2022 жылдары Келес аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі екі жыл қатарнан Түркістан облысының үздік мектебі атанды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *