Қала әкімінің кубогына арналған жарыста 42 команда бақ сынады. Түркістан қаласында футзалдан 3-ақпан күні басталған тұрғындар арасындағы турнирдің жеңімпазы анықталды.
Финалға жолдама алған екі команда «RED» пен «Жолдың асты» командалары арасындағы шешуші бәсеке тартысты болды. Тең дәрежеде ойын көрсеткен екі команда арасындағы жеңімпаз пенальти арқылы анықталды. Жарыс нәтижесі бойынша 1-орынды «Жолдың асты» командасы, 2-орынды «RED»командасы, 3-орынды «Marka.kz» командасы иеленді.