АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

“Қазгидромет” мамандары Қазақстан бойынша 2023 жылғы 21-23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

ауа райы
Синоптиктердің болжамына сәйкес елде ауа-райының тұрақсыз сипаты байқалады. Атлантикалық циклонға байланысты республиканың солтүстік жартысында қар және жаңбыр, көктайғақ, тұман мен екпінді жел күтіледі. Ал еліміздің оңтүстігінде найзағай болжанады.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде 0-8 градустан 7-15 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы -5-15 градустан аяздан 0-8 градус аязға дейін жоғарылайды. ОРталық аймақтарда температура -15 градус аяздан +3 градусқа дейін ауытқиды. Ал республиканың оңтүстік жартысында түнде  -3, ал күндіз +3 градус болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *