Жас шенді ару – Жансая Омарханқызы

 

Ішкі істер саласына қызметке енді орналасқан жас мамандар жетерлік. Солардың бірі патрульдік полиция батальонының инспектор психологы- Жансая Омарханқызы.

Жансая алғашқы қызмет жолын Полиция департаментінің Құжаттамалық қаматамасыз ету бөлімінің іс-жүргізу инспекторы лауазымынан бастаған. Өзін түрлі салада сынап көргенді жақсы көретін шенді ару штаб басқармасының іс-жүргізу инспекторы қызмет атқарған. Содан полицей болуды армандаған Жансая барлық сынақтардан өтіп, соңында жемісін көріп, иығына жұлдыз тақты.

Қазіргі таңда әр ұжымның моральдық–психологиялық ахуалы мен жеке құрамның психологиялық көңіл-күйіне зерттеу жүргізеді.

Біз де Жансая қыздың қызметіне табыс тілей отырып, биік белестерден көріне беруіне тілекшіміз !

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *