ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ОЙЛАП ТАБЫЛУДА

Биыл Түркістан облысында 50-ге жуық ауылда жаңа медициналық нысандар бой көтереді деп жоспарлануда. Ауқымды жоба 2023-2024 жылдары аралығында іске аспақ. Атап айтқанда, медициналық және фельдшерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар салынады. Бұл жөнінде Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары мәлімдеді. Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, өңірде ауданаралық 4 аурухана қайта жаңғыртылып, жасақталады. Сарыағаш, Сайрам, Ордабасы және Жетісай аудандық ауруханаларына «Алтын сағат» жүйесі енгізіледі. Нәтижесінде 1 сағаттың ішінде инсульт пен инфарктқа шалдыққандарға, сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Ол үшін аудандық ауруханалар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және білікті мамандармен қамтылатын болады. Бұдан бөлек бірінші вице-министр, Түркістандағы құрылысы тоқтап тұрған көпсалалы облыстық аурухананың жағдайы туралы баяндады. Айта кетейік, 630 орындық медициналық орталықтың құрылысы белгісіз себептерге байланысты былтыр тоқтап қалған болатын. Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары: — Мемлекеттік экспертиза дейді, ең негізгі құжат. Соны жақын арада ғана алды. Келесі процедура Денсаулық сақтау министрілігінің және Ұлттық экономика министрлігінің экспертизасын алу керек. Одан кейін ары қарай Денсаулық сақтау министрілгі мен жекеменшік әріптестік аясында қол қойылғаннан кейін құрылыс ары қарай жалғасатын болады.

Дені сау ұлттың болашағы зор болмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның байлығы ең алдымен адамдар екенін атап өтті. Осы орайда, биыл күзде Түркістан облысына қарасты 8 ауылға «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келмек. Медициналық пойыз бүгін «Алматы-2» теміржол вокзалынан салтанатты түрде жолға шығып, осы жылдың 6 желтоқсанына дейін бүкіл Қазақстан бойынша 120-дан астам станцияны қамтымақ. Ал оңтүстік өңіріне биыл қараша айының 5-19 күндері аралығында қызмет көрсетеді.

Өңірдегі емдеу шаралары жоспарға сәйкес, Күншағыр, Ақшоқат, Қарақоңыр, Шағыр, Бадам, Игілік, Қызылсай, Ынтымақ елдімекендерінде орналасқан станцияларға тоқтайды. Сонымен қатар, медициналық пойыз станцияларда 1-2 күн аялдайды. Дәрігерлер тұрғындарды жұмыс уақытында қабылдайды.

Медициналық бригадалар диагностикалық процедуралар ғана емес, сондай-ақ, шағын амбулаториялық операциялар жасайды. Оның ішінде тұрғындар терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр мамандарынан тегін тексеруден және емдеуден өте алады.

Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен және ақпараттық серіктес – Jibek Joly телеарнасымен бірге жүзеге асырады.

«Бүгін медициналық көмекке зәру көптеген адамдар үшін өте маңызды күн. Көбінесе шалғай ауылдарда ауруханалар болмайды және тұрғындардың барлығы әр уақытта аудан орталығына бара алмайды. Ал медициналық пойыз жағдайында балаларды қаратып, ересектердің өздерінің де барлық маманнан бірден кеңес алудың жақсы мүмкіндігі туындайды. Пойызға ең заманауи медициналық жабдықтар қойылды», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Айта кетсек, пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, сымсыз ғаламторға қолжетімді құралдармен жабдықталады деп көзделіп отыр. Биыл республика бойынша 75 мыңға жуық ауыл тұрғынына 35 медицина маманы қызмет көрсетеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар Бәйдібекте  жаңадан инсульт орталығы іске қосылып, өз жұмысын бастады.  Халыққа медициналық қызмет көрсету стандарттарына сәйкес Бәйдібек аудандық орталық ауруханадан инсульт орталығы ашылды. Инсульт ауруына шалдыққан науқастарға осы орталықта сауықтырудың бірінші, екінші кезеңдік дәрігерлік көмегі көрсетіледі. Инсульттің ишемиялық түрінде тромболизистік ем қолданылады. Геморрагиялық түрінде түрлі бас миына оталар жасалады.

Ауданның бас дәрігері Гүлдария Шардарбекова аудан әкіміне орталықтағы инсульттің алдын алу және емдеу үшін аса қажетті заманауи компьютерлі томограф аппараты орнатылып, іске қосылғандығын баяндап, емдеу ісіндегі артықшылықтарын түсіндірді. Компьютерлі томограф аппараты адамның ағзасындағы қан-тамыр жүйесін толықтай зерттеуге мүмкіндік береді. Енді ауданындағы ауылдық, елді мекен тұрғындарының облыс орталығы мен басқа да қалаларға барудың қажеті жоқ. Орталықта науқастардың ауру деңгейін анықтайтын компьютерлі томограф аппараты тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсететін болады. Медицина мамандарымен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.

Елімізде әсіресе Оңтүстік өңірлерде медицина саласы айтарлықтай дамып келеді. Қазақстанда теңдесі жоқ, ерекше әдістеме ойлап табылды. Бұл жобаның авторы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жоғары білікті логопед-дефектологы Рауан Байчинов. Жоба авторының айтуынша, бұл әдістеме үш жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, жас ғалым авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар тізіліміне мәлімет енгізу жөнінде куәлік алған. Жобаны дайындау кезінде тікелей ғылыми кеңесші болған – педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР ЖАК доценті Кульчария Коккозева. «Кохлеарлы импланты бар мектеп жасына дейінгі қазақ тілді балалардағы дауыстың интонациялық құрылымдарын зерттеу» атты ғылыми жоба 2018 жылы басталған. Бүгінгі таңда 86 балаға зерттеу жүргізілді. Оның жетеуі дыбыстар мен сөйлеуді қабылдау, дыбысқа еліктеу, сөз тіркестері және қарапайым сөйлемдер атты төрт кезеңнен тұратын қайта оңалтудан өтуде. Рауан Байчинов осы әдіспен екі жылдан бері оқытылып жүрген балалардың бірі бүгінде сөйлем құрап, сөйлеп жүргенін айтады. Тағы біреуі кохлеарлы имплант қойғалы дыбыстар мен дауысқа елеңдемейтін болған. Бірақ екі ай бойы арнайы әдістемемен үйретілген бала дыбыстарды жақсы қабылдап, жақсы ести бастаған. Дегенмен, ол әлі қайта оңалтудың үш кезеңінен өту тиіс. Бүгінде бұл әдістемені ШҚО білім басқармасының облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі, «Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер қауымдастығы» қоғамдық ұйымы және университет базасында ашылған «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім орталығы қызметкерлері қолданып жүр. Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына Италия елінде шығарылған «Euroampli Alien 3030 Cardio» кардиохирургиялық операциялар мен зерттеулерге арналған мобильді ангиограф орнатылды. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап жоспарлы түрде ота жасалуда. Жоспарлы түрде келген науқастарға МӘМС аясында тегін көмек беріледі. Ал шұғыл түрдегі отаға «Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек» (ККТМК-ГБОМП) түрімен жүзеге асырылып отырады. Айта өтейік, Сарыағаш ауданы бала туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда келе жатыр.

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында 5 науқасқа жоспарлы түрде коронорографиялық ота және коронарлық артерияларды стендтеу отасы жасалынды. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен ШЖҚ «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» МКК-ның басшысы мамандарды оқытып, біліктіліктерін арттырып, медициналық көмек түрін аудан тұрғындарына ауқымды түрде жүргізуді жолға қойды.

Бүгінгі ота жасау кезінде аурухананың дәрігерлері алғашқы оталарын сәтті жасады. Ауруханада Сарыағаш ауданының тұрғандары ғана емес, көрші аудандардың тұрғындары да медициналық көмекке жүгіне алады. Нақтырақ атап өтсек, Келес ауданы, Мақтаарал ауданы, Қазығұрт және Шардара аудан тұрғындары коронарлық ангиография және коронарлық артерияларды стенттеу, аортография, төменгі аяғындағы ангиопластика және стенттеу артериографиялық ота түрлері бойынша Сарыағашта емделеді.

Басты мақсат — заманауи көпсалалы орталық ауданаралық ауруханалар желісін ұйымдастыру. Бұл ауыл тұрғындарына жедел және мамандандырылған медициналық көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік береді. Аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы облыс бойынша Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында алғашқылардың бірі болып қолға алынған. Бұл бағыттағы жұмыс жанданады

Сонымен қатар Өткен жылдың қорытындысымен Түркістан облысы бойынша МӘМС үшін 23 млрд теңгеден астам жарна аударымдары түскен. Аталған қордың облыстық филиалының директоры Асхат Бейсенбаевтың айтуынша, жалпы жиналған қаржының 12 млрд 962 мың теңгесі – жұмыс берушілердің аударымдары, жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 1 млрд 74 мың теңге, ал 76 мың теңге бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша аударылған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары – Ұлттық банкте сақталады да медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасалып, тексерілгеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлейтін жарналар мен аударымдар көлемі биыл өзгеріссіз қалды. Ал ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өсуіне байланысты дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейтін жарна көлемі артты. Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін жалақының 3% мөлшерінде төлейді. Жұмысшы және келісімшартпен табыс табатын жеке тұлғалар табысының 2%-н төлейді. Жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4 900 теңге төлейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар (БЖТ төлеушілер) республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін бірыңғай жиынтық төлем көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге. Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге.

Сонымен қатар, жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасау жалғасады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеңілдік санатындағы әр адамға жарна мөлшері 4 505,6 теңгені құрайды. Сақтандырылмаған азаматтар МӘМС жүйесінің қатысушысы болу үшін дербес төлеуші ретінде алдағы 12 айға жарна төлеуге болады. Мысалы, 2023 жылға сақтандыру мәртебесін алу үшін 2023 жылдың қаңтарынан желтоқсанға дейінгі әр айға жеке-жеке 3 500 теңгеден төлем жасау керек.

Егер қызметкер МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін 5 жеңілдікті санаттың біріне кірсе, онда жұмыс беруші олар үшін аударымдар мен жарналарды төлемейді. Сондай-ақ, балалар, зейнетақы жарналарын алушылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, мүгедектер, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқудағылар, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, баланы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдарға жарнаны мемлекет төлейді.

Биыл Түркістан облысында ауыл медицинасын дамытуға айырықша күш салынып жатыр. Тұрғындар енді операция жасату үшін қалаға бармайды. Себебі жергілікті ауруханалар заманауи құралдармен жабдықталып, білікті дәрігерлер жұмысқа тартылмақ. Келесі жылдан бастап бір-біріне іргелес орналасқан бірнеше ауданның ауруханалары бірігеді. Жанболат Ділдәбеков Түркістан облысының бас трансплантологы. Хирург адам ағзасын ауыстырудан бөлек асқазан, ішек, өт жолы сияқты басқа да күрделі операция жасайды. Білікті дәрігер осыған кейін Түркістан орталық ауруханасын бірнеше жыл басқарды. Жақында Сайрам аудандық орталық ауруханаға ауысты. Енді ол ауылдық жерде де күрделі операцияларды жасай беретін болады.
Жанболат Ділдабеков, Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері: — Түркістан облысында, Түркістан қаласында оның ішінде медицина саласына қосқан үлесіміз деп санаймыз. Сайрам аудандық орталық ауруханасы Түлкібас, Төле би аудандарының ауданаралық ауруханасы болып жоспарланып отыр. Күрделі операциялар жасалады. Мысалы, бауыр, асқазан, ішек жолдарына жасалады. Лапароскопиялық операциялардың барлық түрі жасалады. Зат алмасудағы операциялар, семіздік, қант диабеті, барлық операция түрі ендірілді. Тәжірибелі хирургті ауданға ауыстыру үлкен жобаның басы ғана дейді мамандар. Себебі келесі жылдан бастап бір-біріне іргелес орналасқан бірнеше ауданның жергілікті ауруханалары біріктіріледі. Заманауи жабдықтармен қамтылып, дәрігерлер біліктілігін арттырады. Сөйтіп, бұрын облыс орталығында ғана іске асырылатын күрделі операциялар аудандық ауруханаларда жасалады. Бұл әсіресе ауыл тұрғындары үшін тиімді болмақ. Марат Пашимов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: — Бұрын ауыр науқас түсетін болса, Шымкентке болмаса басқа қалаға тасымалдайтынбыз. Енді орталық ашатын болсақ, ол өз деңгейінде көмек көрсетеді. Одан кейін оны орталыққа апарудың қажеті болмайды. Операцияда сонда жасалады. Компьютерлік томограф бар, МРТ қойылады. Құрал-жабдықтардың бәрі ауданда болады. Олар халыққа қызмет көрсетеді. Мамандарды қазір оқытып жатырмыз. Келесі жылға бәрі дайын болады. Түркістан қаласының медицина саласында да үлкен өзгерістер болады. Биыл жыл соңына қарай көп салалы медициналық орталық пайдалануға беріледі. 8 қабатты заманауи ғимарат бір мезетте 570 науқасты қабылдай алады. Мұнда 2 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.  Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Қуаныш ӘбуовЖалпы Түркістан облысы халқының саны 2 116 450 адамға жеткен. Оның ішінде қала халқы 517981 адамды, ауыл халқы 1 598 469 адамды құрады. Бір жыл ішінде өңірде 53 123 сәби дүние есігін ашқан. Аталған мерзімде 27137 ұл және 25986 қыз туылған. Облыс бала туу бойынша республика деңгейінде көшбасшылардың қатарында тұр, оның үлесі 14,4% құрады.

Жалпы, елімізде бір жыл ішінде халықтың табиғи өсімі 268,8 мың адамды құрады. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан (27,23) облыстарында және Шымкент қаласында (26,34) байқалды.

Түркістан облысында 50-ге жуық ауылда жаңа медициналық нысандар бой көтереді. Ауқымды жоба 2023-2024 жылдары аралығында іске аспақ. Атап айтқанда, медициналық және фельдшерлік пункттер мен дәрігерлік амбуллаториялар салынады. Бұл жөнінде Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары мәлімдеді. Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, өңірде ауданаралық 4 аурухана қайта жаңғыртылып, жасақталады. Сарыағаш, Сайрам, Ордабасы және Жетісай аудандық ауруханаларына «Алтын сағат» жүйесі енгізіледі. Нәтижесінде 1 сағаттың ішінде инсульт пен инфарктқа шалдыққандарға, сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Ол үшін аудандық ауруханалар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және білікті мамандармен қамтылатын болады. Бұдан бөлек бірінші вице-министр, Түркістандағы құрылысы тоқтап тұрған көпсалалы облыстық аурухананың жағдайы туралы баяндады. Айта кетейік, 630 орындық медициналық орталықтың құрылысы белгісіз себептерге байланысты былтыр тоқтап қалған болатын. Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары: — Мемлекеттік экспертиза дейді, ең негізгі құжат. Соны жақын арада ғана алды. Келесі процедура Денсаулық сақтау министрілігінің және Ұлттық экономика министрлігінің экспертизасын алу керек. Одан кейін ары қарай Денсаулық сақтау министрілгі мен жекеменшік әріптестік аясында қол қойылғаннан кейін құрылыс ары қарай жалғасатын болады.

Өткен жылы Медициналық инфрақұрылымды дамыту мақсатында Түркістан облысында 78,5 млрд. теңгеге 7 жаңа нысан салынып бастаған болатын.  Сондай-ақ, Түркістанда модульді инфекциялық аурухана салынды. Өңірдегі 8 емдеу нысандары күрделі жөндеуден өтуде. Оның 6-ы пайдалануға берілді. Бұл жайлы денсаулық сақтау саласының кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың қатысуымен өткен алқа отырысында Қоғамдық денсаулық басқармасы 2020 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, перспективалары талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Басқарманың қызметіне оң баға беріп, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
«Статистикалық деректерге сүйенсек, халық санының өсуі бірінші кезекте туу көрсеткішіне және ана мен бала денсаулығына тікелей тәуелді. Облыста ана мен бала өлімін төмендету үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, әлеуметтік ахуалды түзету бағытында біршама істер атқарылды. Бүгінде Түркістан облысы ана өлімі бойынша республикада 16.3 көрсеткішімен ең соңғы орында. Сәби өлімі бойынша еліміздегі көрсеткіш 7.1. Бұл дәрігерлердің тынымсыз еңбегінің жемісі. Сондай-ақ, облыс бойынша негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өткен жөн. Осылайша, соңғы жылдары өңірде өмір сүру ұзақтығы артып, жалпы өлім-жітім, туберкулез 26.5% төмендеген. Қатерлі ісік аурулары, қан айналымы жүйесі аурулары да едәуір азайды»,- деді өз алқа отырысында сөз алған Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимов.
Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тұрақты негізде облыста коронавирустық инфекциясы бар науқастарды (COVID-19) емдеуге жатқызу үшін мыңға жуық инфекциялық және карантиндік төсек ұйымдастырылған. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны үш есеге көбейтілді.
Сонымен қатар, жылжымалы медициналық кешеннің 12 жиынтығы сатып алынды, нәтижесінде өңірлерді жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз ету көрсеткіші 100% құрады. Жедел жәрдем қызметі 77 көлікпен толықты. Осылайша жедел жәрдем паркі 96% -ға жаңарды.
Сонымен қатар бүгінде Түркістан облысында 14 елді мекеннің тұрғындары әлі күнге медициналық қызметке қол жеткізе алмай келеді. Мұндағы жұрт ауыра қалса, орталықтағы дәрігерлерден шипа іздейді. Ал жүруге шамасы, астында көлігі жоқтардың жедел жәрдем көлігі жеткенше, Жаратушыға жалбарынғаннан басқа амалы жоқ.

Абай Аширов, Жартытөбе ауылдық округінің әкімі: Бұл жөнінде жаңадан сайланған депутаттарға хабарласып жатырмыз. Сессияда қаржы бөліп беретін болса ПСД-ға, құрылысқа ақша бөле салынатын болады.

Бүгінгі таңда Түркістан облысының 14 ауылында медициналық нысан атымен жоқ. Дәрігерсіз күн кешкен ауылдардың ең көбі Қазығұрт пен Сарыағаш ауданында.

Райымбек Тасырбаев, Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы: Жоспарға сәйкес 14 медициналық мекеме, оның ішінде 4 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік акушерлік бекет, 2 медициналық пункт салынады. Қазіргі таңда сол медициналық нысандар түсетін жер телімдері бөлінді. құрылыс басталады.

Жоғарыда аталған 14 нысанның да құрылысы биыл басталады деп жоспарлануда. Олардың дені осы жылы, ал ғимараты үлкендері келесі жылы ел иглігіне берілмек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *