ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАР САНЫ АРТАДЫ

Түркістан облысында жалпы саны 9 индустриалды аймақ орналасқан. Ал ИА-тың аумағы 538 га құрайды. Оның ішінде қазіргі таңда 6 индустриалды аймақта: Түркістан, Кентау, Созақ, ҚТИА-Бадам, Мақтаарал, Қазығұрт- инвестициялық жобалар орналасқан. Сонымен қатар биыл Жетісайда индустриалды аймақ ашу жоспары талқыланған болатын. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының кәсіпорындар ашу, индустриалды аймақтарды көбейту бойынша тапсырмасы аясында облыстағы аудан және қалалардың мүмкіндіктері зерделенуде. Осы орайда, Жетісай ауданында «Жетісай» индустриалды аймағын» ашу ұсынысы жан-жақты қаралды. Бұл туралы «Turkistan» Индустриалды аймақтарды басқарушы компаниясының» Бас директоры Қанат Ұзақбайұлы Жетісай ауданына жұмыс сапары барысында талқыланды. Аудан басшысы Серік Мамытов индустриалды аймақ ашу – өнеркәсіп саласы дамыған аудан үшін маңызды шешім екенін атап өтіп, жалпы аумағы 50 га жерде ашу мүмкіндік бар екенін жеткізді. Индустриалды аймақ ашылған жағдайда, Жетісай ауданындағы өнімдер шығаратын өндіріс орындары бір аумаққа орналастырып, компания тарапынан көрсетілетін қызметтерге жүгіне алады. Атап айтқанда, дайын ғимарат сатып алуға немесе бос жерлерді жалға алып, толықтай жүргізілген инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл мәселе бойынша алдағы уақытта қаржылық-экономикалық тиімділігі анықталып, облысқа ұсынылатын болады. Жетісай ауданы егістік бойынша, оның ішінде жеңіл және мақта өнеркәсібі, дәнді дақылдар өсіруде алдыңғы орында тұр. Жалпы, кәсіпкерлік саласында Жетісайдың 70%-ы агроөнеркәсіп болып саналады.


Осы мәселеге қатысты облыс әкімі индустриалды деп танылған аймақтарға тексеру жұмыстары жиі жүргізілу керектігін алға тартты. Облыстағы индустриалды аймақтардағы проблемаларды шешу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында өңірдегі индустриалды аймақтар бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды. Ондағы жұмыстардың бәсеңдеуіне алаңдаушылық білдірген өңір басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда жүйелі жұмыс атқармаған әкімдерді сынға алды. Көш соңында қалғандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасовтың баяндауынша, облыста жалпы көлемі 538 гектарды құрайтын 9 индустриалды аймақ бар. Олар Түркістан қаласында, Кентау, Созақ, Қазығұрт, Мақтаарал, Шардара, Бәйдібек және Түлкібас аудандарында орналасқан. «Turkistan» индустриалды аймағы 2019 жылы құрылған.
Алайда, бұл аймақтарда бірқатар өндіріс алаңдары тоқтап тұр. Кейбірінде инфрақұрылым дайын емес. Атап айтқанда, жолдар толық салынып бітпеген, сумен, кәріз жүйелерімен және газбен жабдықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Қоршаулар ұрланған не қираған. Қайта жөндеуді қажет етеді. Байланыс желілері толық жүргізілмеген.
– Кей индустриалды аймақтар қауіпсіздік шараларын қарастырмаған. Нысандардың инфрақұрылым жабдықтары ұрланып, жұмыстар тоқтап тұр. Осы кемшіліктердің барлығы қалпына келтірілуі тиіс. Жоспар құрып, жаңа жобалар ұсыныңыздар. Индустриалды аймақтардағы проблемаларды шешу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылсын. Бұл бағыттағы жұмыстар қолға алынсын. Облыстық басқармалар аудан, қала әкімдері мен басқарушы компаниялар арасында тиісті деңгейде үйлестіру жұмыстарын жүргізуі тиіс, – деді облыс әкімі.
2019 жылы құрылған Түркістан облысының «Turkistan» индустриалды аймағында өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы құны 34,1 млрд. теңгеге 2,5 мыңдай жұмыс орны ашылып, 44 инвестициялық жоба іске қосылған. Инвестжобалар металлургия өнеркәсібі, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы салаларында жүзеге асуда. Сондай- ақ, биыл жалпы құны 5,8 млрд. теңгеге 375 жұмыс орнын ұсынатын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.
– Өңіріміздің инвестициялық климатын жақсарту мақсатында өндіріс орындарын салу бойынша жұмыстар атқарылуда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен өндіріс саласын дамытуда жеңілдетілген 1%-дық қаржыландыру жоспарлануда. Облыс тарапынан 5,4 млрд. теңгеге ӘКК арқылы өтінім жіберілді. Алайда, қаржыландыру тәртібі әлі бекітілген жоқ. Биылғы мамыр айында қаржыландыру тәртібі бекітіледі деп күтілуде. Қаржыландырылған жағдайда ӘКК тарапынан құрылыс жұмыстары басталады, – деді Қ.Шоңбасов.
Түркістан индустриалды аймағының аумағынан жалпы алаңы 5,6 гектарды құрайтын өнеркәсіп орындарын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, Түркістан қаласы әуежайына баратын жолдың бойында жалпы аумағы 30 гектар болатын, әр өнеркәсіптік саябақтың аумағы 2 376 шаршы метрді құрайтын 40 өнеркәсіптік ғимарат салу жоспарлануда.

Түркістан облысының индустриалды аймақтарында құны 44,4 млрд.т. болатын және 3092 жұмыс орнын құрайтын барлығы 63 жоба орналасқан. Оның ішінде, құны 34,169 млрд.тг. болатын және 2496 жұмыс орнын құрайтын 44 жоба іске қосылып, жұмыс жасауда.
2023 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстарды айта өтсек, «Grand Stroy Kaz» ЖШС әзірлеген құны 1 500 млн.тг. және 30 жұмыс орнын құратын жобасы Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысын алып, индустриалды аймақтан өз құрылысын бастады.
Сондай-ақ, 2023 жылдың І-тоқсанында Бәйдібек индустриалды аймағына әлеуетті инвестордың әзірлеген жалпы құны 1 600 млн.тг. және 72 жұмыс орнын құрайтын 2 жоба Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысына ұсынылды.

Сондай-ақ, өңіріміздің экономикалық жағдайын жақсарту және индустриалды аймақтарды дамыту бойынша іс шаралар ұйымдастырылуда. Оған дәлел, 2023 жылы құны 74,4 млрд.тг. және 972 жаңа жұмыс орнын ашатын 8 инвестициялық жобаны тарту көзделуде. Атап айтар болсақ:
— «QazSteel Industries» ЖШС – құны 40 млрд. теңге, 320 жұмыс орны;
— «КАЗКРАХМАЛ» ЖШС – 31,2 млрд. теңге, 500 жұмыс орны;
— «КазТравертин» ЖШС – 800 млн. теңге, 28 жұмыс орны;
— «Рамирта» ЖШС – 800 млн. теңге, 44 жұмыс орны;
— «ARYN Construction» ЖШС – 800 млн. теңге, 30 жұмыс орны;
— «Бекжанов» ЖК – 400 млн. теңге, 20 жұмыс орны;
— «EL-KZ 2020» ЖШС – 300 млн. теңге, 10 жұмыс орны(ІІ кезең);
— «Кентау Аспап Құралдар Цехі» ЖК – 109 млн. теңге, 20 жұмыс орны.
Қосымша: Жоғарыда аталған кәсіпорын жобаларының құжаттарын ӨҮК кезекті отырысына әзірленуде.
Басқарушы компанияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары.
Құны 5,8 млрд.тг., 375 жұмыс орнын құрайтын 13 жобаны іске қосу жоспарлануда.
​Олар:
Түркістан индустриалды аймағы
— «Grand Miks» ЖШС – 800 млн.тг., 35 жұмыс орны, кеңсе жиһаздарын өндіру жобасы.
— «ГОКТУРК» ЖШС – 250 млн.тг., 19 жұмыс орны, темір-бетон бұйымдарын өндіру жобасы.
— «TECHTRONIC-STROY» ЖШС – 500 млн.тг., 20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын өндіру.
— «Гүлзада» ЖК – 100 млн. тг., 20 жұмыс орны, темір есік өндірісі.
— «Ali Construction Group» ЖШС – 890 млн. тг., 29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдары мен тауарлық бетон өндіретін зауыт
— «Euroblock Production» ЖШС – 113,8 млн. тг., 20 жұмыс орны, газдыбетон блоктарын өндіру

Кентау индустриалды аймағы
— «МЖ-Алихан» ЖШС – 200 млн. тг., 25 жұмыс орны, темір бетон өндірісі
— «Сим Тас» ЖШС – 600 млн. тг., 29 жұмыс орны, керамзитті кірпіш зауыты
— «Data Farming» ЖК – 150 млн. тг., 12 жұмыс орны, мобилді жылжымалы контейнерлер цехі
— «Халтаев» ЖК – 81 млн. тг., 19 жұмыс орны, құрылыс блоктарымен металл сетка өндіру цехі

Мақтаарал индустриалды аймағы
— «EL-KZ 2020» ЖШС – 209 млн.тг.,17 жұмыс орны, газобетон өндіру жобасы.
— «Ырысты береке» ЖШС – 450 млн.тг., 30 жұмыс орны, асфальтты бетон жасау.

Қазақ-Түрік индустриалды аймағы
— «RZN» ЖШС – 1 500 млн.тг., 100 жұмыс орны, газобетон өндіру жобасы.

«Түркістан» индустриалды аймағы: жалпы аумағы – 350 га құрайды. Сонымен қатар, 350 га-ң 160 га-ы Арнайы экономикалық аймаққа (СЭЗ) берілуі жоспарлануда. Қазіргі таңда, Түркістан индустриалды аймағында 1360 жұмыс орнын құрайтын және жалпы құны 14,5 млрд.теңге болатын 28 жоба орналасқан. Оның ішінде жалпы сомасы 8,564 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба іске қосу актісі алған:

1.«Туркестан Трасса» ЖШС
2.«Азрет-ЖолҚұрылыс» ЖШС
3.«Kadiris» ЖШС
4.«Grand Miks» ЖК
5.«Grand Miks» ЖК – ІІ этап
6.«Стройсервис-ХХІ» ЖШС
7.«Cordial Turkestan» ЖШС
8.«Turkistan textile» ЖШС БК
9.«SouthAluplast» ЖШС
10.«Алем Бетон — 1» ЖШС
11.«MAKS BETON» ЖШС
12.«Нурлы НазАй» ЖШС
13.«Kaztor LTD» ЖШС
14.«АЗИЯ АГРО» ЖШС
15.«Айбек ЛТД» ЖШС
16.«EKP Group 878» ЖШС
17. «Спецстрой» ЖШС
18. «Баянды Құрылыс» ЖШС
19.«Оспан»ЖК

Сонымен қатар, 2022 жылы құны 3 млрд.теңгені және 169 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба, ӨҮК-ң оң қорытындысын алып, алдағы 2023-2024 жылдары іске қосылуы жоспарлануда. Олар:
1. «Ali Construction Group» ЖШС – 890 млн.тг., 29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын өндіру жобасы;
2. «TECHTRONIC- STROY» ЖШС – 500 млн.тг., 20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын өндіру жобасы;
3. «Гүлзада» ЖК – 100 млн.тг., 20 жұмыс орны, темір және ағаштан есік жасау жобасы;
4. «Бозарық АБЗ» ЖШС – 1500 млн.тг., 100 жұмыс орны, асфальтты бетон өндіру жобасы.

Сондай-ақ 2023 жылдың басында құны 1500 млн. тг., 30 жұмыс орынын қамтитын «GRAND STROY KAZ» ЖШС асфальтты бетон өндіру жобасы орналастырылды. Ағымдағы жылы құны 2,3 млрд.теңге  және 104 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр:
1. «Grand Miks» ЖШС — 800 млн.тг., 35 жұмыс орны, кеңсе жиһаздарын өндіру жобасы
2. «Ali Construction Group» ЖШС – 890 млн.тг., 29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын өндіру жобасы;
3. «TECHTRONIC- STROY» ЖШС – 500 млн.тг., 20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын өндіру жобасы;
4. «Гүлзада» ЖК – 100 млн.тг., 20 жұмыс орны, темір және ағаштан есік жасау жобасы;
5. «ГОКТУРК» ЖШС – 250 млн.тг., 19 жұмыс орны, темір-бетон бұйымдарын өндіру жобасы.

Ал, 2024 жылы құны 3,3 млрд. теңгені және 145 жаңа жұмыс орнын құрайтын 3 жобаны қосу жоспарлануда:
1. «Юлдашев» ЖК – 300 млн. тг., 15 жұмыс орны, жеңіл жиһаз өндірісі;
2. «Бозарық АБЗ» — 1500 млн. тг., 100 жұмыс орны, асфальтты бетон өндіру жобасы;
3. «GRAND STROY KAZ» ЖШС – 1500 млн. тг., 30 жұмыс орны, темірбетон бұйымдары және тауарлық бетон өндіру зауыты.

Сонымен қатар, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Түркістан қаласы бойынша өнім көлемі 4,69 млрд.тг. және салық көлемі 186 млн. теңгені құрады.

Түркістан облысында құны 42,541 млрд. теңгені және 3023 жұмыс орнын құрайтын барлығы 60 жоба орналасқан. 2023 жылдың 1-жартысында «Тurkistan» индустриалды аймағында орналасқан браунфилд өндірістік ғимаратында ISIKLAR HOLDING A.S. өндіріс орнын орналастыру (құрылыс материалдарына арналған қаптама шығару) бойынша келіссөздер жүргізілуде. Өңірдегі инвестициялық ахуал туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды.
Сайрам ауданынында жаңа индустриалды аймағын құру бойынша жер көлемін анықтап, инфрақұрылым жүргізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ «Бадам» индустриалды аймағының көлемі үлкейтілмек. Түлкібас, Шардара және Бәйдібек индустриалды аймақтарын агро-индустриялды аймақ ретінде іске асыру және өңірімізде агро-өнеркәсіп саласын дамыту жоспарланып, Түркістан облысы әкімдігіне Басқарушы компания тарапынан агро-индустриалды аймақ құру туралы ұсыныс енгізілген.
Индустриалды аймақтардың қатысушылары – «Grand Miks» ЖШС-і (жоба құны – 2,47 млрд.тг), жиһаз өндіріс кәсіпорны, «CG Food Central Asia» ЖШС-і (жоба құны – 1,1 млрд.тг.) дайын тағам өнімдерін өндіруші кәсіпорны. Индустриалды аймақтарды дамыту барысында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оған дәлел, 2022 жылы құны 8,205 млрд. тг. және 640 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 8 инвестициялық жобаны тарту көзделген.
Жыл соңына дейін темір бетон бұйымдарының өндірісі мен керамзитті кірпіш өндіру жобасы іске асырылады.
Түркістан облысында құны 42,541 млрд. теңгені және 3023 жұмыс орнын құрайтын барлығы 60 жоба орналасқан. 2023 жылдың 1-жартысында «Тurkistan» индустриалды аймағында орналасқан браунфилд өндірістік ғимаратында ISIKLAR HOLDING A.S. өндіріс орнын орналастыру (құрылыс материалдарына арналған қаптама шығару) бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Өңірдегі инвестициялық ахуал туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды. Сайрам ауданынында жаңа индустриалды аймағын құру бойынша жер көлемін анықтап, инфрақұрылым жүргізу мәселесі талқыланды.
Сондай-ақ «Бадам» индустриалды аймағының көлемі үлкейтілмек. Түлкібас, Шардара және Бәйдібек индустриалды аймақтарын агро-индустриялды аймақ ретінде іске асыру және өңірімізде агро-өнеркәсіп саласын дамыту жоспарланып, Түркістан облысы әкімдігіне Басқарушы компания тарапынан агро-индустриалды аймақ құру туралы ұсыныс енгізілген.

Индустриалды аймақтардың қатысушылары – «Grand Miks» ЖШС-і (жоба құны – 2,47 млрд.тг), жиһаз өндіріс кәсіпорны, «CG Food Central Asia» ЖШС-і (жоба құны – 1,1 млрд.тг.) дайын тағам өнімдерін өндіруші кәсіпорны. Индустриалды аймақтарды дамыту барысында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оған дәлел, 2022 жылы құны 8,205 млрд. тг. және 640 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 8 инвестициялық жобаны тарту көзделген. Жыл соңына дейін темір бетон бұйымдарының өндірісі мен керамзитті кірпіш өндіру жобасы іске асырылады.

Айта өтейік биыл Түркістан индустриалды аймағында 60-қа жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.  Түркістан қаласында 2023-2025 жылдар аралығында 169 жаңа жұмыс орнын құрайтын 4 жоба іске асырылады. Құны 3 млрд. теңгелік жоба темірбетон бұйымдары, темір және ағаштан есік жасау, асфальтты бетон өндіруге бағытталған. Қазірдің өзінде Түркістан индустриалды аймағында 1330 жұмыс орнын құрайтын 27 жоба орналасқан. Жалпы құны – 13,01 млрд. теңге. Оның ішінде жалпы сомасы 8,564 млрд. теңгені құрайды.  Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары күшейтіледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтарға инвестиция тарту жұмыстары талқыланды. Сонымен бірге индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шаралары және тарифтеріне қатысты түйткілдер де талқыланды. Өңір басшысы бұл саланың маңызды екенін тоқталып, инвестиция тарту ісін жандандыруды тапсырды.

– Жалпы бірінші кезекте индустриалды аймақтардың жер мәселесі және оған қажетті инфрақұрылым бойынша бөлек-бөлек Жол карталарын әзірлеуіміз керек. Кәсіпкерлер мен инвесторлар біздің өңірде электр тарифі арзан емес екенін айтады. Инвесторлармен дұрыс жұмыс істеу қажет. Осыған байланысты тиісті басқармалар мен мекемелерден, басшылардан нақты ұсыныстар күтемін. Аудан, қала әкімдерінің негізгі индикаторларының бірі – инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу. Осы бағытта жұмысты жандандырыңыздар. Индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтар кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етуі тиіс, – деген Дархан Сатыбалды индустриалды аймақтарды дамыту, жұмыс орындарын ашу мәселелері тұрақты түрде күн тәртібінде тұратынын айтты.
Сонымен бірге ірі компаниялар мен инвесторларға қолайлы жағдай жасап, Түркістан облысына шақыру керектігін жеткізді. Мәжілісте Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Облыстық инвестиция және экспорт басқармасы, Облыстық құрылыс басқармасы мен Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС басшылары мен өкілдерінің пікірлері тыңдалды.
Өңір басшысы электр қуатына қатысты тарифті төмендету және реттеу жөнінде жауапты мекемелермен бірлесе жұмыс істеп, тиімді шешім шығаруды тапсырды. Сондай-ақ индустриалды аймақтарда жұмысты жандандыру, жаңа кәсіпорындарды ашу ісін күшейту жөнінде тапсырма берді. Индустриалды аймақтарды басқаратын компанияларды оңтайландырып, нақты нәтижеге жету жолында жұмыс істеуді жүктеді. Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ бар. Олар Мақтаарал, Шардара, Созақ, Қазығұрт, Түлкібас, Бәйдібек, Ордабасы аудандары мен Түркістан және Кентау қаласында орналасқан. Индустриалды аймақтарда құны 24,054 млрд. теңге болатын және 2614 жұмыс орнын құрайтын 56 жоба орналасқан. Оның ішінде құны 15,542 млрд. теңге болатын және 2087 жұмыс орнын құрайтын 40 жоба іске қосылып, жұмыс атқаруда. Биыл 266 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 7 жобаны іске қосу межеленген.
Өңірде «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда 365 гектар өнеркәсіптік аймағының инфрақұрылым жүйелерінің І және ІІІ кезеңдерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда бірнеше жоба жүзеге асыру бойынша нақты келісімдер бар. Алдағы уақытта арнайы экономикалық аймаққа ірі инвесторларды тарту көзделіп отыр.

Осыған дейін мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевты қабылдаған болатын.  Кездесуде министрліктің қызметі және Президент тапсырмаларының орындалу барысы, соның ішінде жолдардың сапасын жақсарту, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кен орындарына жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берілді. Марат Қарабаевтың айтуынша, заң бұзушылықтарға байланысты қатты пайдалы қазбаларды игеруге берілген 200-ден астам келісімшарт пен лицензия қайтарып алынды. Министр 800-ден астам жобадан тұратын жаңа индустриялық инвестициялық жобалар топтамасының іске асырылуы туралы да баяндады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына көлік инфрақұрылымының дамуы жөнінде ақпарат берілді. Тиісті тапсырма бойынша Үкімет еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті. Сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыру үшін вагон паркі тапшылығына қатысты мәселе шешіліп жатыр. «Stadler», «Alstom» және «Wabtec» компанияларының қатысуымен отандық зауыттарда вагон мен локомотив өндірісі басталады. Президенттің 2029 жылға дейінгі сайлау алды бағдарламасын іске асыру аясында халықаралық автомобиль дәліздерін дамыту, соның ішінде республикалық маңызы бар 8 мың шақырым автожол салу және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтық авиация саласындағы тұрақты өсім туралы да баяндалды. 2022 жылы пандемияға дейінгі көрсеткішке қол жеткізілді, яғни Қазақстан авиакомпаниялары 11 миллионға жуық жолаушы тасымалдады. «Ашық аспан» режимі енгізілді. Ұшу географиясы кеңейіп келеді. 2025 жылға дейін Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк бағыттарына рейстер ашылады деп жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев орта бизнесті дамыту және шикізат секторына, тау-кен өнеркәсібі мен геологиялық барлау салаларына инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар Президент жол бойындағы, сондай-ақ әлеуметтік, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғыртуға ерекше назар аударуды, өндірістегі отандық үлесті арттыру жұмысын күшейтуді және Қала құрылысы кодексін әзірлеуді жеделдетуді талап етті.

– Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше мән беруіміз керек. Бұл, ең алдымен, Үкіметіміздің басты міндеті, – деді Президент.
Мемлекет басшысы қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыздың осында жерленгеніне тоқталып, былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілгенін айтты. Президенттің пікірінше, бұл оқиға Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді дегенді білдіреді.
– Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді. Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыроймен атқарып отыр. Сол себепті, мен ата жолын ұстанып, Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістанда өткізуді ұсындым. Онда ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы кейінгі жылдары болған оң өзгерістерді атап өтті. Президенттің дерегіне сәйкес, Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артқан. 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынған. Сонымен қатар шаһар жасыл-желекке оранып, экологиялық ахуалы жақсарған. Тұрғындарды ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді деп айтуға болады. 2019 жылдан бері облысқа 2 миллионға жуық турист келген. Кейінгі үш жылда аймақтағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласы 1,5 есе өскен. Облыста 64 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылған.
Мемлекет басшысы елімізде «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын айтып, оның халық саны көп оңтүстіктің тұрғындарын жұмыс күші аз өңірлерге қоныстандыруға арналған жоба екенін түсіндірді.
– Бірқатар азаматымыз солтүстікке көшіп, тіршілігін жасап жүр. Биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша жастарға арнап 3700-ге жуық грант бөлінді. Оның 800-ден астамын түркістандықтар иеленді. Ел іргесін бүтіндеп, тұғырын нығайту жолындағы осы маңызды жұмысқа сіздер зор үлес қосып келесіздер. Дегенмен жастардың еңбекке құлшынысын арттыруымыз керек. Біз құрып жатқан жаңа қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек деген ұғымды жастарымызға түсіндіру қажет. Себебі отаншылдық дегеніміз, ең алдымен, іскерлік, еңбекқорлық. Құр сөзден ештеңе шықпайды. Азаматтарымыз алдымен отбасына, балаларына қамқор болуы керек. Оларға еңбегімен, алғырлығымен нәпақасын тауып беруі қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев түркістандықтармен кездесуде халықаралық ахуалға қатысты еліміздің ұстанымы туралы айтты.
– Біз мемлекеттігімізді сақтап, өсіп-өркендеуіміз үшін ел бірлігі ауадай қажет. Ал бірлік – бейбітшіліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі. Осы орайда, қазіргі халықаралық ахуал жөнінде айта кеткім келеді. Өздеріңіз білесіздер, әлемдегі жағдай әбден шиеленісіп кетті. Осындай күрделі жағдайда Қазақстан халықаралық ұйымдарда, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымында дауыс беру кезінде бейтарап ұстанымын сақтап отыр. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді. Жеріміздің бүтіндігі және еліміздің амандығы – біз үшін бәрінен маңызды. Сондықтан парасаттылық пен сабырлық танытып, арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек. Халқымыздың ең басты күші – бірлік, парасаттылық және төзімділік. Осы құндылықтардан айырылып қалсақ, елімізге үлкен қауіп төнеді. Мемлекеттердің территориялық тұтастығы міндетті түрде сақталуы керек. Бұл – негізгі қағидат. Мен мұны халықаралық аренада үнемі ашық және анық айтып жүрмін. Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымына барып, ең биік мінберден бұл туралы тағы да мәлімдедім. Бұның бәрі бекер емес. Айналамызда ауқымды соғыс болып жатыр. Біз осыны ескере отырып, ең алдымен, еліміздің қауіпсіздігін ойлауымыз керек. Шекарамыз бүтін болса, сырттан шабуыл жасалмаса, төрт құбыламыз түгел болады. Бұл – мемлекетіміз үшін, мен үшін аса маңызды міндет әрі басты мақсат, – деді Мемлекет басшысы.

Президент көрші елден келіп жатқандар туралы көпшіліктің көкейінде жүрген мәселеге де арнайы тоқталды.

– Қазақта «Көршімен татудың көңілі тоқ» деген сөз бар. Ең бастысы, іргелес елдермен тату болуымыз керек. Бұдан еш ұтылмаймыз. Соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Көпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр. Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені мен Үкіметке тапсырдым. Жалпы, осындай күрделі жағдайда біз ең алдымен адамгершілік, сабырлық, ұйымшылдықты танытуымыз керек. Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек. Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі. Біз Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп, бұл түйткілді еліміздің мүддесіне сай шешеміз. Тағы да қайталап айтамын, осындай алмағайып кезеңде бізге, ең алдымен, береке-бірлік қажет. Елдің тыныштығын сақтай білсек, тұрақты дами аламыз. Барлық мәселені байыппен талқылап, ақылмен шешуіміз керек. Мұны мен киелі Түркістан төрінен арнайы айтып тұрмын. Өйткені бұрын-соңды дәл осы жерде айтылған аталы сөздің бәрі алты Алашқа түгел тараған. Ғасырлар бойы жалғасып, қанымызға сіңген бұл дәстүр қазір де сақталып отыр, – деді Президент.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған мәселелерге тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, біз саяси жаңғырумен қатар бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды қолға аламыз. Оның игілігін бүкіл жұртымыз көреді. – Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін. Бұл реформа не үшін жасалмақшы деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Мәселе мынада: Президенттік лауазымға көп жыл бойы бір ғана адам ие болмауы керек. Әлемде болсын, біздің елімізде болсын көп жыл бойы бір ғана адам ең жоғары лауазымға ие болса, мұндай жағдай елге де, Мемлекет басшысына да абырой әкелмейді. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, адал, дарынды саясаткерлерге жол ашуымыз керек. Жалпы, жұрт біздің саяси жүйені өзгерту туралы жоспарымыздың мән-маңызын жақсы түсініп отыр. Жұмысты одан әрі жалғастыру үшін жаңа Конституцияға сай сенім мандаты қажет. Сондықтан кезектен тыс Президент сайлауы биылғы 20 қарашаға белгіленді. Біз бұл науқанды заңға сәйкес, әділ және ашық өткіземіз. Түркістандықтар да сайлауға белсене қатысып, өз таңдауын жасайды деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кету керек Түркістан облысы инвестиция салу үшін өте тиімді аймақ саналады. Өңір стратегиялық маңызды әрі, бизнесті жүргізіп, инвесторлардың құқықтарын қорғау мен инвестициялық ынталандыру үшін де өте қолайлы аймақ.  Түркістан облысы инвестиция тарту қарқынының 138,5% көрсеткішімен ел көлемінде 2 орынға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *