Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының климаты ауылшаруашылығына және мал шаруашылығына өте қолайлы. Айта өту керек биыл шетелге экспорттау жұмыстары ең алғаш Жетісайдан бастау алған болатын. Сонымен қатар биыл Жетісай ауданында экономикалық жағдайдың маңызды көрсеткіші салық базасы бюджеттің шығысы бойынша 2023 жылдың бірінші тоқсанына жоспар бойынша 2 млрд. 874 млн теңге, нақты игерілгені 2 млрд 871 млн теңге немесе 99,9 % құрап отыр. Сонымен қатар аудан әкімдерінің баспасөз өкілдерімен атқарылған жұмыстары туралы есеп беру кездесулері еліміздің қоғамдық-саяси өмірін одан әрі демократияландырудың бір дәлелі. Өйткені халықтың билікке деген сенімі арта түседі. Алдағы уақытта атқарылатын шаруаларды бағамдау үшін аса қажетті мұндай бас қосулар мен ашық әңгіме әкімшілік өкілдері мен баспасөз өкілдерінің арасын жақындастырып, өзекті мәселелерді бірлесе шешуге жол ашатыны анық.

Тұрғындармен кездесулер өткізіп, кездесу барысында жергілікті тұрғындардың пікірін тыңдап, алдағы жұмысымыздың басым бағыттарын айқындадық. Көтерілген мәселелерді қамти отырып, арнайы іс-шаралар жоспарын бекіттік. Қазіргі таңда бюджеттің ішкі кіріс бөлігінен, үнемделген қаржыларды тұрғындармен кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешуге жоспарланып отыр. Жетісай ауданның экономикалық жағдайының маңызды көрсеткіші салық базасы және бюджетке түсетін түсімдер болып табылады. Бюджеттің шығысы бойынша үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанына жоспар 2 млрд. 874 млн теңге, нақты игерілгені 2 млрд 871 млн теңге немесе 99,9 % құрады. Өзіндік кіріс бойынша бірінші тоқсанға жоспар 926 млн 219 мың теңгені құраса, нақты түскені 1 млрд 175 млн 548 мың теңге, жоспар 126,9 пайызға орындалып 249 млн. 329 мың теңге артығымен түсірілді. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырған 364 млн 371 мың теңгеге артық орындалды.
Өнеркәсіп жалпы өнімді қалыптастыратын ең негізгі салалардың бірі болып табылады. Ауданда 2023 жылдың бірінші тоқсанында өңірлік өнім 16,1 млрд теңгені құрады. Бір адамға шаққандағы жалпы өндірілген өнім 856 мың теңге. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі– 108,7% құрады. Өңдеу өнер кәсiбiнде өнiм көлемi 3,4 млрд. теңгені құрады, немесе 109,4%. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 4,1 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі – 612,1% құрады. Оның ішінде: жергілікті бюджет есебінен 87,5 млн.теңге, меншікті қаражаты есебінен 1,3 млрд. теңге, басқада қарыз қаражаты есебінен — 2,8 млрд.теңге. Өткен жылдың есептік кезеңінде 627 млн теңге, нақты көлем индексі – 49,8%. болған.

2023 жылдың 3 айында ауданда 13,0 мың гектарға жуық бақша, 1,9 мың га мал азықтық (оның ішінде: 852 га жерге дәндік жүгері, 999 га жерге жаңа жоңышқа), 1,6 мың га көкөніс және т.б. дақылдар егілді. Бүгінгі күнге ауданда егіс науқаны негізінен аяқталды. 76,2 мың гектар егіс егілді. Оның ішінде 45 мың га мақта, 19 мың га бақша, 2,1 мың га көкөніс, 4,6 мың га дәндік жүгері және тағы басқа дақылдар.
Дихандар ерте егілген қырыққабат дақылының өнімін жинауды бастады. Бүгінгі күнге 32,5 мың тонна өнім жинақталды. Қырыққабат дақылының басым бөлігі Ресей, Белоруссия елдерімен қатар еліміздің Алматы, Астана, Шымкент қалаларына және басқа да облыстарға жөнелтілуде. Өткен жылы ауданға 50 ге жуық жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған болса, биылғы жылдың 3 айында 58 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары әкелінді. Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда мал шаруашылығы саласында бірқатар алға ілгерілеу бар. Атап айтсақ ірі қара мал 6,1 мың басқа, қой-ешкі 2,1 мың басқа, жылқы 0,6 мың басқа, құстар 3 мың басқа артқан. Олардан алынған өнім көлеміде өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда артқан. 2023 бірінші тоқсанында құрылыс жұмыстарының көлемі 340,2 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 175,5 млн теңгеге артты. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 7,3 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,6 %-ды құрады. (2022 жылдың бірінші тоқсанында 3,7 мың ш.м.)
Аудандағы 105 елді мекеннің 1 елді мекенде ауыз су құбыры тартылмаған, 104 елді мекені орталықтандырылғын ауыз сумен қамтылған, оның 74 елді мекенінде 24 сағат, 30 елді мекенге ауыз су кестемен берілуде. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылға өтпелі Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына өткен жылға облыстық бюджеттен 272 млн 289 мың теңге, Жаңа ауыл ауылдық округінің 4 елді мекеніне сумен жабдықтау жүйелерін салу нысанына республикалық бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қазыбек би ауылдық округінің 2678 тұрғыны бар Құрбан ата елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына республикалық бюджеттен 422 млн 778 мың теңге, Ж.Ералиев ауылдық округінің 1967 тұрғыны бар Сейфуллин елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына 610 млн 613 мың теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, Мақталы ауылдық округіндегі 4 елді мекенінде, Ж.Ералиев ауылдық округінде 1 елді мекенінде, Қызылқұм ауылдық округіндегі 1 елді мекенінде ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге биылғы жылға аудандық бюджеттен 136 млн 652 мың теңге, «Мембрана», «Омега» қондырғыларына және кәріз жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 52 млн 670 мың теңге бөлінген. Ауданда 112 елді мекеннің 105 елді мекені орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Жаңа ауыл ауылдық округіндегі 3 елді мекеніндегі жаңадан құрылған көшелеріне ЖСҚ әзірленіп 499 млн теңге бөлінді. Абай ауылдық округіндегі 4 елді мекенге, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі 8 елді мекенге электр желілерін жүргізуге және трансформатор (КТП) орнату үшін ЖСҚ әзірленуде.
Аудандағы 105 елді мекеннің 56 елді мекені газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 53 % құрайды. Бүгінгі таңда жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын Жаңа ауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерге жеткізуші газ құбырын салу жұмыстары, жалпы сметалық құны 3,8 млрд теңгені құрайтын Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» АГТС салу» және Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» АГТС құрылыс жүргізілуде. Нысандар жыл соңына дейін тапсырылатын болады.
Сондай-ақ, 2023 жылға 5 елді мекенді (Қызылқұм а/о, Қызылқұм, Ақтөбе е/м, Абай а/о, Отан, Бейбітшілік е/м, Ж.Ералиев а/о, Ғ.Мұратбаев е/м) табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы және республикалық бюджеттерден жалпы 554,6 млн құрылыс жұмыстар өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Әбдіхалық, Мырзашөл, Атақоныс елді мекендерін газдандыруға республикалық бюджеттен 181,7 млн теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі. Аудандағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар көлік жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды құрайды. Ал, ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 918,4 шақырым. 2023 жылға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1 ,9 млрд. теңге бағытталған. Атап айтқанда: «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1,1 млрд. теңгеге 5 елді мекенде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу, жергілікті бюджет және субвенция есебінен 624,2 млн. теңгеге жалпы ұындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ұзындығы 4,85 шақырымды құрайтын 10 көшеге 55,1 млн. теңгеге жалпы ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Елді екендерге кіреберіс 2 көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 20 млн. теңге, аудандық маңызы бар 3 автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджет есебінен 60,2 млн. теңге бөлінді.
Биыл қоғамдық көлікті субсидиялау үшін 63 млн. теңге, автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарына 30 млн. теңге бөлінді. Бағдаршам орнату жұмыстарына 10,9 млн. теңге, бағдаршамдар мен бейнебақылау камераларын күтіп-ұстау жұмыстарына 6 млн. теңге, бейнебақылау камераларын орнатуға ЖСҚ әзірлеу үшін 3 млн. теңге бөлінген. Аудан тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5056 азамат тұрақты және уақытша қатыстырылды. «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқуға 2023 жылы 3 айдың қорытындысымен 946 адам жолданды. 2023 жылы бірінші тоқсанда 3901 отбасыға 23 522 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып 735,2 млн теңге төленді. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар 107 отбасыға (3%-ға) немесе 438 адамға кеміген.
Ауданда 82 мектеп жұмыс істейді, 72-і жалпы орта, 1-уі негізгі орта мектеп, 9-ы жекеменшік бастауыш мектеп. Онда 44 846 оқушы білім алуда. Ауданы бойынша бюджеттен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны негізіндегі 20 балабақшада 2327 тәрбиеленуші, «мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі» негіздегі мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жекеменшік 143 балабақшада 14 439 бала қамтылған. Бүгінгі таңда ауданда 2 аурухана, 2 емхана, 1 қалалық, 1 ауылдық емхана, 3 бастапқы мед санитарлық көмек көрсету бекеті, 16 дәрігерлік амбулатория, 37 ФАП, 9 медициналық бекет тұрғындарға қызмет көрсетеді. Бүгінде аудан көлемінде 20 жедел жәрдем бригадасы (20 көлік) жұмыс жасайды. 2023 жылы ана өлімі тіркелмеген. 2023 жылдың бірінші тоқсанына 1077 нәресте дүниеге келген. 2023 жылға 1,6 млрд теңгеге Жетісай аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары, 2 ФАП, 1 дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілетін болады.
Ауданның негізгі табысы агросекторға байланысты ауданның егістік жерінің басым бөлігіне мақта дақылы егілетінін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Аудан шаруаларының табысын арттыру үшін ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселесі де кезек күттірмейтін, күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Бұл бойынша ауданға жан-жақты инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта өткен жолы көршілес Өзбекстан Республикасында мақта кластерін дамыту үшін инвесторлармен іскерлік кездесулер өткізіліп, екі жақты келіссөздер жүргізудің алғышарттары жасалуда.
Биылғы жылы азаматтардың жеке қаражаттары есебінен Ж.Ералиев ауылдық округінен құны 300 млн теңгеге 10 мың тонналық «Тұран Мақта» ЖШС «Мақта шикізатын өңдеу зауыты» жобасын, Жаңаауыл ауылдық округіндегі құны 350 млн теңге болатын «Тоқыма емес мата өндірісі» жобасын, Мақталы ауылдық округінен құны 790 млн теңге болатын «Мақталы Жер» ЖШС «Тұқымдық шит өндірісі зауыты», 100 млн теңгеге бақша өнімдерін қайта өңдеу цехы, Жетісай қаласындағы құны 200 млн теңгеге аяқкиім өндірісі жобасын жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.

«Ауыл Ел аманаты» жобасы аясында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы екі ауылдық округіміз (Қарақай, Ж.Ералиев) «Ауыл Ел аманаты» жобасына енгізіліп отыр. Бүгінгі таңға кооперативтер құрылып шаруа құжаттарын тапсыруда. Үстіміздегі жылдың екінші жарты жылдығында қосымша 2 ауылдық округ (Мақтал, Қазыбек би) «Ауыл Ел аманаты» жобасына енгізу жоспарлануда. Өздеріңізге белгілі жобаның басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру.
Сонымен қатар, Жетісай қаласының аумағын ұлғайтуға бөлінген 80 га жерге алдағы уақытта бірқатар жобаларды – ойын-сауық орталықтары мен заманауи сауда орындарын, қонақ үйлер мен спорт кешендерін, кинотеатрлар мен мейрамханалар, балалардың ойын алаңшаларын, азық-түлік көтерме сауда орталықтарын салуға инвесторлар іздестірілуде. Ашылатын жаңа нысандардың есебінен тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып, жұмыссыздық деңгейін азайту және сауда, ойын-сауық орталықтарына Жетісай ауданымен қатар көршілес Мақтаарал, Шардара, Келес аудандарынан 1 миллионға тарта тұрғындар мен келушілер есебінен ауданның экономикалық ахуалын жақсарту жоспарланып отыр.
2023-2024 жылдарға жоспарланған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ауданда, оның ішінде Қазыбек би ауылдық округінен 12,25 га, Атамекен ауылдық округіне 16,0 га, Жетісай қаласынан 12,0 га, жалпы 40,25 га жер резервке алынды. Одан бөлек, агроиндустриалдлы аймақ құру үшін Асықата кенті маңындағы 50 га аулшаруашылық жердің мақсатын өндірістік санатына аустыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
