ТҮРКІСТАН: 18 ЭКСПОРТТАУШЫ КОМПАНИЯ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС АТҚАРУДА

Соңғы кезеңдерде Түркістан облысында сыртқы сауда экспорты дамып, қарқынды жүзеге асырылуда. Өңірде отандық тауар өндірушілердің экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Аймақта негізгі шикізаттық емес экспортталатын тауарлар қатарында уран, ұн, трансформаторлар мен балық өнімдері және күркетауық еті бар. Инвесторлар мен экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтердің кең түрін ұсынатын «Turkiston Invest» қызмет көрсету орталығы құрылған.

Бүгінде «Turkiston Invest» орталығының көмегіне жүгінуші кәсіпкерлердің қатары да көбейген. Мәселен, компаниялар аталған орталықтың көмегімен көлік қызметтеріне, шетелдік көрмелерге қатысуға және тауарды шетелде жарнамалауға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтінім бере алады. Сонымен бірге, «QazIndustry «СОО» АҚ — на Түркістан облысының 18 экспорттаушы компаниясынан өтінім түскен. Оның ішінде өткен жылы іске қосылған «CG Corp Global» ЖШС бар. Жылына 400 мың тез дайындалатын кеспе шығаратын зауыт өнімі бүгінде, ішкі және сыртқы нарықта да сұранысқа ие. Сонымен қатар, өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасында сүт өнімдерін экспорттау бойынша келісім жасалған болатын. Нәтижесінде «Golden Camel Group» зауыты ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Қытайға 30 тонна құрғақ түйе сүтін экспорттаған. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 33 мың тоннаны құрайды және өнім толығымен экспортқа сай келеді. Ал, таяуда Өзбекстан Республикасының Ургенч қаласында өткен «агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы» ІІ аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында, Түркістан облысы мен өзбекстандық кәсіпорындар арасында жалпы сомасы 50 млн АҚШ долларын құрайтын 3 экспорттық келісімге қол қойылды. Өңірде сондай-ақ, экспортқа бағдарланған «Standard Petroleum» ЖШС мұнай өңдеу зауыты бой көтереді. Жаңа зауыт Ордабасы ауданында 2021 жылы іске қосылған. Экспорт көлемі жылына 2 млн ақш долларын құрайды. Жоба аясында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жобаның жалпы құны 95 млрд теңгені құрайды. Айта кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Түркістан облысының экспорт көлемі 54,9 млн АҚШ долларын (оның ішінде шикізаттық емес экспорт — 15 млн АҚШ) құраған.

Түркияның Ыстамбул қаласында Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Түркияның сауда палаталары мен биржалар одағының қолдауымен Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы ұйымдастырылды. Сауда миссиясы барысында Қазақстанның экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ елдегі бизнес жүргізу тәртібі, экспорттаушылар мен шетелдік инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен жалпы сауда жүргізуді ынталандырудың түрлі құралдары туралы баяндамалар жасалды.  Іс-шара барысында Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия Қазақстанның маңызды стратегиялық әрі басты сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Екіжақты сауданың 1992 жылғы 30 миллион АҚШ доллары көрсеткішінен бүгінгі таңда 2 миллиард долларға жетіп отырғаны айтылды.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат тәуелсіздік жылдарында Түркия Қазақстан экономикасына 3,8 миллиард доллар шамасында инвестиция құйғанын және қазіргі таңда ел экономикасының түрлі салаларында түрік капиталының қатысуымен 2200-ге жуық кәсіпорын жұмыс істеп жатқаны анықталды.

Сонымен қатар Сауда миссиясы шеңберінде Қазақстан және Түрік кәсіпкерлері арасында В2В форматында екіжақты келіссөздер өткізіліп, соның нәтижесінде бірқатар қазақстандық өнімнің түрік нарығына шығарылуы бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мүше болып табылатын бұл палата мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері арасындағы экономикалық байланысты нығайтуды және екі ел арасындағы тауар айналымының өсуін көздейді. Сауда миссиясына қазақстандық және түрік компанияларының 150-ден астам өкілдері қатысты. Соның ішінде 30 қазақстандық өңделген өнім экспорттаушысы болды.

Биыл 2023 жылы Түркістан облысында өңір экспорттаушыларының, әкімдіктің, «QazTrade»  АҚ, «KazakhExport» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өкілдерінің қатысуымен өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті.  MEXT Өңірлік экспорттық кеңес шеңберінде Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ тарапынан экспорттаушыларды қолдау құралдары туралы түсініктемелер берілді, сондай-ақ өңір экспорттаушыларын қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді. Түркістан  облысының тауар айналымы өткен жылдың 12 айында 1511,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 18,3% жоғары. Экспорт көлемі 21% ұлғайып, 932,5 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт құрылымында негізгі үлесті ет және өт өнімдері, ұн, балық филесі, трансформаторлар және басқа да тауарлар алады. Өңірдің көптеген экспорттаушылары «QazTrade» АҚ белсенді ынтымақтасады және қолдау шараларын пайдаланады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 11 кәсіпкерлік субъектісінен 16 өтінім мақұлданды. Өтеудің жалпы сомасы 313,5 млн теңгені құрады. КӨП ОҚЫЛҒА AL Анықтама: «Asiadistillery» ЖШС, «Асыл-Ltd» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Ордабасы -Нан» ЖШС, «АУЕС» өндірістік кооперативі, «INSAF LTD» ЖШС, «Юг Азия Экспорт» ЖШС, «Golden Camel Group LTD» ЖШС, «CG Foods Central Asia» ЖШС, «Береке» ЖШС, «Астық сауда» ЖШС, «Жалгасбаев Талғат Серікбайұлы» ЖК, «Вита-фреш КЗ» ЖШС, «SERKUN» БӨК, «Статус Эверест жшс Сондай- ақ, «QazTrade» АҚ бизнесті экспорттық қызметке дайындықтың толық циклін қамтитын қаржылық емес қолдау шаралары туралы хабардар етті (Экспорттық акселерация бағдарламасы, Alibaba com платформасына шығу. Сауда-экономикалық миссиялар, Халықаралық кермелер қаржылық емес қолдау шаралары туралы хабардар етті.

Осыған орай жуықта ғана Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Экономикалық қауіпсіздік: өркендеу мен тұрақтылық кепілі» акциясы өтті. Профилактикалық бағыттағы акция облысқа қарасты барлық қала, аудандарда бір мезетте өткізілді. Онда Түркістан қаласындағы барлық 6 сектор тұрғындарына жалпы саны 10000-нан астам тұрғынның қаржылық сауаттылығын арттыру, олардың қаржылық қауіпсіздігін қорғау, қаржылық пирамидалармен, құмар, заңсыз ойын бизнестерінің, заңсыз есірткі айналымының алдын алу тақырыбында департамент мамандарымен бірге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Акцияға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, халыққа аталған құқық бұзушылықтардан аулақ болуға және осы бағытта атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады. «Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін жергілікті жердегі әкімдіктермен жұмыс тобы құрылып, жұмыс тобына департамент өкілдері, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, екінші деңгейлі банк қызметкерлері. Жұмыспен қамту орталықтарының басшылары, әділет органдарының қызметкерлері, оқытушы профессорлар, ғалымдар, ақсақалдар алқасы, мәслихат депутаттары қатысып, өздеріңізге бүгін және алдағы уақытта да тұрақты түрде кеңес беретін болады», деді Ерболат Балгабаев. Одан бөлек, департамент өкілі Гүлзия Қарсыбай баяндама жасап, қаржылық пирамидаларының 10 белгісімен таныстырып, олардан қорғану жолдарын үйретті және осы Бағыттағы анонимді сауалнама жүргізді.

Сонымен қатар, Түркістан облысында инвестиция тарту, экономикалық көрсеткіштерді жоғарылату бағытындағы жоспарды орындай алмаған аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары тәртіптік жазаға тартылады. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жыл бойынша қорытындылары және 2023 жылға арналған жоспары талқыланған аппарат мәжілісі өтті. Келелі кездесуде облыс әкімі Дархан Сатыбалды былай деген болатын:

«Инвестиция тарту, өнеркәсіпті дамыту бойынша бірнеше рет жиналыс өткізіп, нақты тапсырмалар бердік. Бірақ жұмыс ойдағыдай емес. Инвестиция тарту жөніндегі индикаторлар толық орындалуы тиіс. Сондықтан 2024 жылдың жоспарын орындау үшін қазірден дайындалуымыз керек. Бюджет қаражаты емес, жеке инвестицияға басымдық берілсін. Өңдеу өнеркәсібі төмендеп кеткен. Бәйдібек, Жетісай, Сайрам, Келес, Созақ ауданында осы бағыт бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылмаған. Жауапты басқарма тарапынан да тиісті бақылау жүргізілмеген әрі инвестиция тарту сапасыз болды. Әкімдер бұл жұмысты төмен деңгейде атқарған. Бұл бойынша бірнеше рет жиын өткіздік. Сондықтан аудан, қала әкімдерінің инвестиция саласына жауапты орынбасарларына тәртіптік шара көруді тапсырамын. Нақты жобалар аз. Орындалмайтын жобаларды да тізімге қосып қойғансыздар. Инвесторларға қажетті инфрақұрылымның дайындығы төмен. Осыған байланысты инвестиция тарту, өндірісті дамыту бойынша сапалы жоспар әзірленсін. Оған орындалатын әрі нақты жобалар енгізілсін. Аудан, қалалардың даму әлеуеті және мүмкіндігіне сәйкес бір салаларға мамандандырылуын қадағалаңыздар. Мәселен Жетісай, Мақтаарал, Шардара және Сауран аудандарында тігін фабрикалары, Келес, Сарыағаш, Қазығұртта жылыжай шаруашылығы кең қанат жаюы тиіс. Осылай әр ауданның мүмкіндігіне сай жұмысты жоспарлау қажет. Инвестициялық штабтың жұмысын бастаңыздар» деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбектің айтуынша, жалпы өңірлік өнім қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысымен 2,2 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102,5%-ды құрады. Жыл қорытындысымен бұл көрсеткіш 3,3 трлн теңгеге жетеді деп күтілуде. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 866,6 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 трлн 36,6 млрд теңгені немесе 100,7%-ды құрап, жылдық жоспар орындалған.
Ал Облыстық инвестиция және экспорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Шонбасов алдағы уақытта жүзеге асатын жобалар мен бекітілген индикаторлар туралы баяндады. Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың нысаналы индикаторларына 2023 жылға 908,2 млрд теңге жоспарланып отыр. Биыл жалпы құны 230,4 млрд теңгеге 4357 жұмыс орнын құрумен 151 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Құрылыс бойынша 103,5 млрд теңгеге 24 жоба, ауыл шаруашылығы бойынша 67,1 млрд теңгеге 64 жоба, туризм бойынша 19,5 млрд теңгеге 24 жоба, өңдеу өнеркәсібі бойынша 18,1 млрд теңгеге 23 жоба, жаңартылған энергия көздері бойынша 4,4 млрд теңгеге 3 жоба және басқа салаларда 7,7 млрд теңгеге 13 жоба қолға алынбақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *