ТҮРКІСТАНДА ТУРИЗМ ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Туризм – Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Туристік саланың дамуы бір табиғаттың әдемілігімен ғана емес, туристік бағытты дамытуға арналған құндылықтарымен де ерекшеленеді.  «Туризм» – француз тілінде – серуендеу, жол жүру, яғни адамның бос уақытында  мәжбүрлеумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін тәуекел жасауы. Жақын жерге баруды – серуен десек, ұзақ, алыс жерге бару – саяхаттау деп аталады. «Туризм» сөзінің алғашқы анықтамасын профессорлар Хунцикер мен Крапф 1942 жылы ұсынған. Туризм – әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. Адамдардың өз аумағынан тыс жерлерге орналасуы мен тұрақтануынан туындаған іс-әрекеттер мен құбылыстардың жиынтығы. Егер олардың орналасуы мен тұрақтылығы негізгі, тұрақты немесе уақытша пайдаланылмаған болса.
Қазақстанның әрбір аймағы – туризм кластерінің ошағы. Еуразияның кіндігінде орналасқан, Ұлы Жібек жолының дарқан даласына айналған өлкеде ертеден қалалар тұрғызылып, мәдени ошақтар салынды. Қазақстан өзінің бай табиғатымен, сырға толы өзен-көлдерімен, тау-тастарымен, орман-шөлейттерімен талай тарихи оқиғалардың куәсі болды. Мыңжылдық өркениет тоғысы бар шежірелі қалалар талай соғысты басынан өткізді. Қазақ хандығының, Қыпшақ ұлысының, Түрік қағанатының астанасы болған қалалар да жетерлік. Ондай қалалардағы ескерткіштер, мәдени орындар, ескі ғимараттар, шежірелі тарих болып қалмақ. 1500 жылдан астам тарихы бар, Қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласының тарихи-туристік нысандары да жетерлік. Сондықтан Түркістан шаһары – қаймағы бұзылмаған қазақтың қара шаңырағы. Берекесі ұйыған киелі мекен. Мағжан ақын жырлағандай, «Екі дүние – есігі, ер түріктің – бесігі», түркі әлемінің рухани ордасы. Түркістан шаһары бүгінде облыс орталығы ғана емес, еліміздегі ұлттық болмысымыздың, рухани қазынамыздың орталығы, яғни түркі дүниесінің рухани астанасы болып отыр. Облыс орталығы болғалы Түркістан қаласы түркі елдерінің басын біріктіріп, жақындастыра түсетін «Алтын көпірге» айналуда.  Орта Азия елдері мен Түркия мемлекетінің жалпы съездері, мәдени-рухани басқосулары, түркі мемлекеттерінің саммиттері Түркістан шаһарында жалауын көтереді. Оның мақсаты – рухани қалада экономика және әлеуметтік саланың тамырына қан жүгіріп, мәдениет, білім және рухани ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жандандыру.

Киелі шаһар ежелден сауда-саттықтың ортасы, ынтымақтың ордасы болғандықтан, Ұлы Жібек жолының бойында оның құндылығы арта түседі. Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, туризм кластерінің басым бағыты, көлік инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған. Облыс орталығы – Түркістан қаласы — тарихи туризмнің алтын ұясы. Қалада туристер мен қонақтарға, тұрғындарға қажетті ойын-сауық орталықтары, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық-демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынып, халықтың игілігіне жарауда. Сондықтан Түркістанда толықтай туристерге қызмет көрсете алатын орындар баршылық. Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласының тарихи-туристік нысандары да жұртшылыққа мәлім.
Шавгар – Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала. ХІV ғасырда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынғаннан кейін Түркі әлемінің діни орталығына айналды. ХV ғасырдан бастап, Түркістан қаласы саяси және экономикалық орталық болды. 1598 жылдан бастап, Қазақ хандығының астанасы деп танылды.  Бүгінде Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи кесенесінде қазақтың небір хандары мен билері жерленген.

Сонымен қатар 2023 жылдан бастап Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы етуге ұсыныс тасталды. Туристтер көп шоғырланатын мекеннің инфрақұрылымы жыл санап арта түсуде. Айталық көліктің кез-келген түрі Түркістанға бара алады. Түркістан облыс атағын алғанына биыл 5 жыл толып отыр. Бес жыл ішінде қалада көптеген тұрғын үйлер, саябақтар, туристік кешендер, ойын-сауық кешендері бой көтерді. Облыс орталығына айналғалы қалада көптеген байқаулар, іс-шаралар да өтіп кетелді.  Әзербайжан елінде өткен түркітілдес елдердің туризмге қатысты кездесуінде 2023 жылы Түркістанды туристік астанаға айналдыру ұсынысы қаралған болатын. Былтыр түркітілдес елдердің туристік астанасы Баку қаласы еді. Осыған дейін вице-министр айтқан бірқатар ауқымды шаралар, мәдени, туристік, спорттық  ойын-сауықтар қатары  өткізіліп келеді.  Былтыр елордада туристерге арналған су жаңа жоба  «Neo Nomad 2022» акциясына қатысушы турист бір жылдың ішінде еліміздің 20 аймағына барып, арнайы қойылған жиектеменің (рамка) алдында суретке түсуі тиіс. Осылайша 20 фотосурет жинаған туристке «Заманауи көшпенді» мәртебесі беріліп, естелік сыйлық табыс етіледі.

Түркістан қаласының тарихи туризмінің басты нысаны ретінде 1991 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Республикалық Мемлекеттік тарихи-мәдени «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайын» айтуға болады. Тарихи мұражай қорына Қазақ хандарының зираттары, ұлы астроном, ғалым Ұлықбектің қызы Рабия Сұлтан Бегімнің мазары, ортағасырлық «Шығыс моншалары», Жер асты мешіті, т.б тарихи нысандарды жатқызуға болады. Ескі Күлтөбе қаласы, ортағасырлық Түркістан қалаларының қазіргі орны, алғашқы тарихи мұражайлардың маңызы ерекше.

Биыл жыл басынан бері Түркістанға келген туристер саны 130 503- ке жеткені анықталды. Жуырда облыс орталығында жаңа туристік маусымның ашылуы өтіп, өңірге келушілер қатары көбеюде. Түркістан қалалық «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің»басшысы Талғат Алпысбайұлының мәлімдеуінше, оның 129 645-і ішкі туристтер болса, 858-і шет елдік қонақтар.

Айта кетсек, шаһарда туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. 2023 жылдың І-ші тоқсан қорытындысы бойынша қаладағы орналастыру орындарының саны — 57 бірлікті құраған. Ал, демалыс нөмірлерінің саны – 1199 болса, төсек-орын саны – 2557 бірлікке көбейген. Сондай-ақ,  жыл соңына дейін қалада 5 жұлдызды «Medina palace» қонақ үйі мен «Мұз айдыны» спорт кешені қолданысқа беріліп, туристерге арналған демалыс орны арта түсті.

Түркістан қаласының туризіміне қатысты:

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. «Биылғы жоспар бойынша Түркістан өңірінде 15 мәдениет нысанына жөндеу және 3 нысанына құрылыс жұмыстары көзделіп отыр. Сонымен қатар, сіздердің өңірлеріңізде «Гауһар Ана», «Отырар», «Сауран» визит-орталықтары биыл ашылып, туристерге қолайлы жағдай тудырады деп күтеміз. Ал 2023-2024 жылдары Түркістан облысында жалпы сомасы 41,7 млрд теңгеге туристік инвестициялық 18 жоба жоспарланған. Атап айтқанда, «Medina Palace» қонақүйі, «Отау» ойын-сауық орталығы, фитнес-клубы, теннис орталығы және «Turkistan Mall» орталықтары сияқты жобалар іске асырылуда. 2022 жылы 15 туристік нысан пайдалануға берілген. Бүгінде облыс аумағында 1 754 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан. Бұл — Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары екенін көрсетеді. Тарихи туризмнің алтын ұясы десек те артық болмайды», — деді ҚР Мәдениет және спорт министрі.

Бүгінде республикамыздағы аудан, ауыл жастары спортпен шұғылдану үшін мектеп интернат-колледждерде білім алуы керек. Қазіргі таңда еліміз бойынша 20 аймақтың 12-інде спорт мектеп интернат-колледжі бар болса, қалған 8 өңірде жаңадан ашылатын болады. Осылайша, кемелді келешек иелері кәсіби спортқа тарту жолында игілікті істер жалғаса береді.

Сонымен қатар, жыл сайын Түркістан сауықтыру шипажайлары мен диспансерлеріне шамамен 50 мыңнан астам турист келеді.  Жалпы алғанда, аймақта демалушыларға диагностикалық медициналық қызметтердің кең спектрін, нәтижелі емделуді және толық тыныштық пен тепе-теңдік жағдайындағы жанға жайлы демалысты ұсынатын 60-тан астам мекеме бар.

«Өңірде сауықтыру туризмі өткен ғасырдың 50-жылдарында дами бастады. Бұған себеп — климаттың жылы болуы, таза ауа, қатты желдің болмауы, күн көзінің молшылығы, минералды су, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштары бар саябақтардың болуы. Мәселен, температурасы 49-52 градус Цельсийге жететін және ем үшін қолданылатын минералды судың құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, бикарбонат, натрий, калий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден мен микроэлементтер бар», — дейді «Turkistan Tourism Center» туристік ақпарат орталығында. Түркістан облысының шипажайларында ас қорыту жүйесі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол және аяқ, тері аурулары бар науқастар, сондай-ақ гипертониямен ауыратын адамдар денсаулығын жақсарта алады. Гипертонияның шаршаңқылық пен ұйқысыздықтан өзге ауыр симптомдары болмағанымен, бұл дерт жүрек ауруларының және әсіресе инсульттің негізгі себебі болып табылатындығымен ерекше қауіпті. Десе де дертті бақылауда ұстауға болады. Қан қысымын қалыпқа келтіру үшін кей науқастар арнайы дәрі-дәрмектерді қолдануы керек. Ал енді бірі үшін өмір салтын өзгерту және гипертонияның дамуын қоздыратын факторларды болдырмау да жеткілікті. Нақтырақ айтсақ, темекі шегуді тастау, дұрыс тамақтануға көшу, спортпен айналысу, алкогольді шектен тыс тұтынбау. «Алайда шипажайлық-курорттық демалыстың көмегімен гипертонияны емдеудің профилактикалық курсын өту бәріне де пайдалы болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы