ТҮРКІСТАН: ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ-ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ

7 просмотров

Әйелдер құқығын қорғау жөніндегі мәселелер жер-жерде көтеріліп, бұл бағытта кешенді шаралар атқарылып жатқаны белгілі. Аталмыш мәселе Түркістан қаласында да өз қолдауын тауып, бүгінде жергілікті нәзік жандылардың құқығын қорғау ісі әртүрлі деңгейде сөз болып жүр. Бұл жөнінде бірнеше ақпараттарды оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Қоғамда құқықбұзушылықтар бойынша жәбірленшулердің басым бөлігі әйелдер және жұмыссыздар болса, құқықбұзушылардың да негізгісі жұмысыз ер адамдар болып табылады. Жасалған тұрмыстық құқықбұзушылықтарды талдау көрсеткендей, негізінен отбасылық жанжалдар отбасының материалдық деңгейінің төмендігі, маскүнемдік, адамгершілік құндылықтардың төмендеуі және отбасы институтының жоғалуы салдарынан туындайды. Айта кетсек, көбінде отбасында орын алған құқықбұзушылықтар тараптардың татуласуына байланысты өндірістен қысқартылған. Тұрмыстық-отбасылық санатындағы құқықбұзушылықтар бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында, ақсақалдар, ауыл билері кеңестерінде және УПП (учаскелік полиция пунктері) жанындағы қоғамдық құрылымдарда қаралып, жұмыстар жасалуда.

Тағы бір өзекті мәселе балалардың болашағы, амандығы, мен үшін ең маңыздысы. Осы бағытта айтарым, әрбір ата-ана өз баласының қайда, кіммен жүргенін, араласатын ортасын жақсы тануы тиіс. Бұл оның келешекте кемелденген азамат болып өсуіне өз септігін тигізеді. Сонымен қатар, баланың жолда оқыс жағдайға тап болмауы үшін жол ережесін үйретіп, өзіміз үлгі болуымыз қажет.

Әйел құқығын қорғау  және тең құқықтары мен мүмкіндіктерін  қамтамасыз ету омбудсмен қызметінің  басымдық бағыттары болып табылады. Әйел құқығын қорғау  саласында негізгі осы заманғы  мәселелердің бірі әйелдерді  қоғам өмірінде екінші кезектегі  орын алатын теңсіз құқықты  субьекті ретінде бағалайтын  қоғамдық сананың кертартпалығы  болып табылады. Тіпті орталық  мемлекеттік органдармен жұмыста  да біз гендерлік қағиданы  түсінбеушілік, халықаралық құқық  қорғау стандарттарын білмеушілікпен  кездесеміз: әйелдер құқығын қамтамасыз  ету саласында жұмыс істейтін  мемлекеттік қызметшілердің бәрі  бірдей бүгінде өз қызметінде  әйелдерге қатысты кемсітудің  барлық нысандарын жою туралы  Конвенция ережелерін, оның үстіне  Қазақстанға қатысты тиісті Комитеттің  ұсынымдарын басшылыққа алмайды,  кейбірі Республиканың халықаралық  құқыққорғау міндеттемелерінің  басымдық сипатын сезінеді.

Әйелдер құқығын қорғау жөніндегімәселелер жер-жерде көтеріліп, бұл бағытта кешенді шаралар атқарылып жатқаны белгілі. Аталмыш мәселе Түркістан қаласында да өз қолдауын тауып, бүгінде жергілікті нәзік жандылардың құқығын қорғау ісі әртүрлі деңгейде сөз болып жүр. Ағымдағы жылда отбасы-тұрмыстық қатынастарда жасалған 5 қылмыс тіркеліп, оның екеуі адам қазасымен ұштасқан. Қала аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынаста Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабымен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 149 жәйт қаралып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Бұл санаттағы құқықбұзушылықтар бойынша жәбірленшулердің басым бөлігі әйелдер және жұмыссыздар болса, құқықбұзушылардың да негізгісі жұмысыз ер адамдар болып табылады. Жасалған тұрмыстық құқықбұзушылықтарды талдау көрсеткендей, негізінен отбасылық жанжалдар отбасының материалдық деңгейінің төмендігі, маскүнемдік, адамгершілік құндылықтардың төмендеуі және отбасы институтының жоғалуы салдарынан туындайды. Айта кетсек, көбінде отбасында орын алған құқықбұзушылықтар тараптардың татуласуына байланысты өндірістен қысқартылған. Тұрмыстық-отбасылық санатындағы құқықбұзушылықтар бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында, ақсақалдар, ауыл билері кеңестерінде және УПП (учаскелік полиция пунктері) жанындағы қоғамдық құрылымдарда қаралып, жұмыстар жасалуда.

Сонымен қатар,  келіп түскен өтініштер куәландырғандай  көп жағдайларда әйелдердің өздері  өзіндік құқықтарға ие екендіктерін  түсіне бермейді. Әйелдер пайдаланатын  дәлелдер (уәж) арасында ерекше  құқыққа жүгіну түріндегі өте  “әйелдікке” қарағанда жалпықұқықтық  дәлелдер жиі кездеседі. Әзірге  әйелдер өз өтініштерінде жыныстық  белгі бойынша кемсіту дәйектерін  сирек көрсетеді. Сөзсіз мұндай  жағдай әйелдер құқығының бұзылу  жағдайларының жоқтығымен емес, әйелдердің өз құқықтарын сезінудің  төмен деңгейімен байланысты. Неғұрлым  ақталды деп мемлекет саясатының  гендерлік сезімтал қоғамдық  сананың дамуына жалпы бағыттылығы  саналады.

Қазақ халқы қыздарына, жалпы әйелдер қауымына ежелден құрметпен қарап, анасын отбасының алтын қазығы санаған. Бұл үрдіс тәуелсіз елімізде жалғасын тауып келеді. Яғни, мемлекетімізде әйелдер құқығының қорғалуы мен теңдігінің сақталуы басты орында. Қазақстан Республикасының Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы, сондай-ақ, Тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңдары қабылданып, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы, т.б. арнайы бағдарламалардың бекітілуі осының жарқын көрінісі.

Гендерлік теңдіктің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы гендерлік саясат концепциясы туралы Үкімет қаулысымен нақтыланды. Бұл заңдар мен тұжырымдамада әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарына тең дәрежеде  қатысып, кәсіптерін дамытуы, сонымен бірге отбасында  құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыруына жағдай жасау бағыттары қамтылған.  Бұдан әрі нақтыласақ тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында отбасы институтын нығайту, репродуктивті денсаулықты сақтау, балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою, 2030 жылға дейін басшылық қызметтердегі әйелдер санын 30 пайызға арттыру жоспарланған. Соған сай елімізде мемлекеттік қызметте, кәсіпте, сот, құқық қорғау органдары, барлық салада қыз-келіншектер ерлермен бірдей тең дәрежеде еңбек етіп жатыр. Мысалы, Дүниежүзілік банктің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда шағын және орта бизнестің 45 пайызға жуығы әйелдерге тиесілі.
Әлемдегі 187-ден аса мемлекет әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөніндегі конвенцияны ратификацияласа, олардың ішінде Қазақстан да бар. Гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді.
Елімізде гендерлік стратегияны іске асыру барысында ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді. Отбасылық міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыруда еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілді. Сонымен қатар, жүкті және баласы бар әйелдердің жұмысын реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар нақтыланды. Мысалы, Еңбек туралы заңмен әйелдер еңбегін ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда пайдалануға  және олардың шекті нормадан асатын жүкті қолмен көтеріп, жылжытуына тыйым салынды.

Сонымен бірге әлеуметтік төлемдер жүйесінде бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеуге, 18 жасқа дейінгі балаларға, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар қарастырылды. Қылмыстық заңнамаға сай, зорлау, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау ауыр санаттағы қылмысқа ауыстырылып, тараптардың татуласу мүмкіндігі алынып тасталды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елдің еңсесін көтеруге әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз. Гендерлік саясат әйелді ерден жоғары қоюды емес, ең алдымен оларды ерлермен тең дәрежеде билікке тартуды, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасауды, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеуді көздейді. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қазақ мешеу болып қалмаймын десең, тағылымыңды, бесігіңді түзе, оны түзеймін десең, әйелдің халын түзе» деуі әйел затының қоғамдағы орны қаншалықты биік екенін нақтылап берді. Демек, жоғарыда аталған игі шаралар Қазақстан үшін әйелдер құқығының қорғалуы мен олардың мүдделерінің сақталуы басты орында екенін көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.