Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы 2023 жылғы 27 желтоқсан күні сағат 11:00 де қала әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.

Мекен-жайы : Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, қала әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу  27 желтоқсан күні сағат 10:30 дан бастап жүргізіледі.

 

Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады.

  1. « 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет» туралы;
  2. Түркістан қаласының «білім» бөлімінің 2022-2023 оқу жылының қорытындысы және 2023- 2024 оқу жылының жоспры туралы;
  3. Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары төрағаларының 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
  4. Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
  5. Түркістан қалалық мәслихатының және оның аппаратының 2024 жылға арналған шығындар сметасын бекіту туралы.

Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *