ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

Прокуратура органдары тұрақты негізде құрылыс салушылардың инвестициялар және басқа да шарттар түріндегі заңды айналып өту үшін азаматтардың қаражатын тартатын заңсыз әрекеттеріне назар аударады.

Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу процесінің құрбаны болмау үшін қолданыстағы заңнаманың талаптарын білу қажет.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушы үлескерлерден әкімдік берген тиісті рұқсат болған кезде және тұрғын үй құрылысы операторы — «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен шарт жасасқан кезде ғана ақша тартуға құқылы.

Бұл жағдайда оператор сіздің үйіңіздің аяқталуына кепілдік береді.

Салынып жатқан үйде жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасу қажет.

Заңнамада алдын ала келісім, брондау шарты, ниет келісімі және басқалары сияқты кез келген өзге мәмілелерді жасауға тыйым салынады. Олар жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Заң бойынша сату бөліміне барған кезде сіз әкімдік берген рұқсатпен немесе құрылыс салушы мен «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ арасында жасалған кепілдік шартымен танысуға құқығыңыз бар.

Алданған үлескер құрылыс салушы тарапынан орын алған заңсыз әрекеттерге әрқашан құқық қорғау органдарына немесе сотқа жүгіне алатынын ескертеміз.

Прокуратура органдары азаматтардың құқықтарын әрдайым қорғауда.

Түркістан облысының прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *