
Бұл туралы Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов айтты 2023 жылға жоспар 6,1 млрд. теңгеге бекітіліп, І-тоқсан қорытындысымен 1,5 млрд. теңгеге немесе 119,8 пайызға орындалған болатын. Өткен жылға аудан бюджеті 25,3 млрд. теңге болып қалыптасып, жыл қорытындысымен 25,2 млрд. теңгеге немесе 99,8 пайызға игерілді.
– Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі — ауыл шаруашылығы саласы. Шаруалардың еңбегінің арқасында өнім көлемі соңғы 3 жылда 1,5 есеге өсіп, былтыр 66,7 млрд теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығында өнім көлемі 53,4 млрд теңгені құрады. Мал шаруашылығында — 33,6 млрд теңге, егін шаруашылығында — 19,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, ауданда 181 гектарда жылыжайлар орналасқан, оның ішінде 5 гектары осы жылы жаңадан іске қосылды, — деді Азизхан Әзімханұлы.
Ауданда ағымдағы жылы Қақпақ, Ынталы, Жаңаталап фельдшерлік-акушерлік пунктердің құрылыстары жүргізілуде. 2023 жылдың қорытындысымен пайдалануға берілу жоспарлануда. Сонымен қатар, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 2024 жылдарға Еңбекші, Қызылсеңгір ФАП-нің және Қызылту дәрігерлік амбулаториясы құрылысын жүзеге асыру үшін нысандардың барлық құжаттары рәсімделіп, салалық басқармаға ұсыныс берілген, қазіргі таңда ЖСҚ әзірленуде. Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданында медициналық қызмет көрсету нысандары жоқ 6 елді мекенде медициналық нысандармен қамтамасыз ету мақсатында Қызылдихан, Жіңішке, Үлгілі, Бейнеткеш, Майбұлақ, Шакпак елді мекендерінен медициналық нысандардың құрылысын салу үшін 2024 жылдарға жоспарлануда. Барлығының жер телімдері анықталып мемлекеттік актісі алынып, сәулет жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірленген. 2025 жылдарға Шанақ дәрігерлік амбулаториясы және Айнатас, Ақбастау, Қаржан, Алтынтөбе, Жұмысшы, Махамбет және Майлыошақ елді мекендерінен ФАП құрылысын салу қарастырылуда. Қазығұрт ауданындағы кәсіпкерлік саласы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы жоғары. Мәселен, кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімінің көлемі жылдың қорытындысымен – 13,5 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,1%-ға орындалды. Шалғайдағы аудан үшін бұл жақсы көрсеткіш. Бұдан бөлек ауданға инвестиция тартуда да қол жеткізген жетістіктер жетерлік. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жылдық жоспары – 25,8 млрд. теңге болып бекітілген болатын. Жыл қорытындысымен – 23,1 млрд.теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,6%-ға немесе 4,7 млрд. теңгеге артты. Жалпы бюджеттік емес жеке инвестиция 19,1 млрд.теңге құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,0 млрд. теңгеге артып отыр. Яғни, бюджеттік емес жеке инвестиция бойынша тиісті жоспары артығымен орындалды, алайда бюджеттік инвестиция бойынша аудандағы білім беру мекемелерінің 2022 жылға жоспарланған ғимараттарының 2023 жылға өтпелі болғандықтан, 1-инвест бойынша 4,3 млрд. теңгеге жуық қаражатының есебі статистикалық есептіліктері тапсырылмады. Сонымен қатар, 2023 жылға негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жылдық жоспары – 31,5 млрд. теңге болып бекітілген еді. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың гектар, 2935 агроқұрылымы бар. Қазіргі таңда Қазығұрт ауданында аудан әкімдерінің басқаруымен көптеген жаңа ғимараттардың салынуы бой көтеріп келеді. Әр қиылысқа қойылған бағдаршамдардың да рөл ойнайтыны расталған. Сонымен қоса кез келген аудан тұрғыны қиналмай өз заттарын сатып ала алатын орталық базарың да көлемі жыл өткен сайын үлкеюде.
Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі – 11,5 млрд. теңгені құрады (жоспар – 8,7 млрд.тг), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,0%-ға орындалды. Ауданымызда шағын және орта кәсіпкерлік жақсы дамып келеді. Бүгінгі таңға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 12368 бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 128,3%-ға орындалды. Осы бағытта ауданымызда 16743 адам жұмыспен қамтылып, олардың өндірген өнім көлемі – 100,4 млрд. теңгеге жетті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123,5%-ға артты. Бөлшек сауда өнімінің көлемі – 8,7 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,2%-ға орындалды. Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етеді. Ол үшін ауданымыздағы өндіріс орындарын көбейту үшін «Қазығұрт» индустриялдық аймағына инвесторлар тартып жаңа жұмыс орындарын ашуды қажет етеді. Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында «Қазығұрт» индустриялдық аймағы (35 га) құрылып, кәсіпкерлерге мүмкіншілік жасалды. Яғни, индустриялдық аймақтағы инфрақұрылым жүйелерінің қуатын ұлғайту арқылы қосымша кәсіпорындар, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда, 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған (1.«Асыл бастау.kz» ЖШС-ның «AQUA THE BEST» атауымен 0,5 – 1,0 – 5 және 19 литрлік ыдыспен ауыз су өндірісі, 2.«CG Foods Central Asia» ЖШС-ның «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісі, 3.«Көрік ШҚ» ЖШС-ның «Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығару» өндірісі, 4.«Отырабат-Құрылыс» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі, 5.«ЮКГУ» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі).
Ауданда 2023-2027 жылдары 18,7 млрд теңгеге 48 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде биыл құны 6,5 млрд теңге болатын 41 жобаны іске асырып, 440 адамды жұмыспен қамту көзделген. Осындай жобалардың бірі — «Қарқын-2030» ЖШС-ң облыста теңдесі жоқ заманауи мал сою цехы іске қосылады. Жалпы қуаттылығы тәулігіне 300 бас ірі қара мал сою мүмкіндігі бар. Бұл жобаның басымдылығы — толық цифрландырылған, энергия көзін аз пайдаланады. Бұдан бөлек, биыл «Билол» ЖШС аудандағы индустриалды аймақта «Болат шарларын балқытып шығаратын» зауытты ашуды жоспарлап отыр Онда жалпы 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысып, қорытындысымен 1 азамат грантқа қол жеткізген. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкер бүгінде ісін ілгерілетіп отыр.
Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің рөлін күшейтіп, оның ел экономикасындағы үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін жеткізу міндетін қойған болатын. Бұл бағытта «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бастау алған. Бүгінгі күнге жалпы құны 40,0 млн. теңге көлемінде кәсіпкерлік бағытындағы 1 жобаға несие берілді. Қажетті несиемен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, ауданда 62 елдімекеннің 60-ы ауыз сумен, 61-і электр жүйесімен, 49-ы табиғи газбен қамтылған.
Сондай-ақ, мемлекеттен қолдау тапқан Ордабасы ауданындағы мұнай өңдеу зауыты құрылысының бірінші кезеңі аяқталған. Екінші кезеңі осы жылы аяқталып, 650 жұмыс орны ашылмақ. Мемлекет тарапынан қолдау бар. Жұмыс жалғасуда. Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіру зауытын салу бойынша «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ-ның, Сайрам ауданындағы генерацияның маневрлік режимімен бу-газ қондырғысын салу бойынша «ПГУ Туркестан» ЖШС-нің өкілдері айтып берді. Қос жоба жоба да аса маңызды.
Сайрам ауданында «Nurym Group» ЖШС-нің құрама жем зауыты, мал сою комбинаты және жануарлардың қалдықтардын терең өңдеу, замануи мал базары жобалары, сондай-ақ Арыс қаласында «Turkestan agro.kz» ЖШС-нің 4500 га алқапқа жаңбырлату жүйесін енгізу және 25 мың бас ірі қара мал бордақылау алаңы құрылысы жобалары бойынша компанияның негізін қалаушысы С.Ертаев баяндады. Мал шаруашылығының өркениетті саудасы – саланың табысты дамуының негізі. Барлық нарық қатысушыларына тең шарттарда дискриминациясыз қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Нарықтың әрбір қатысушысы, сатушы мен сатып алушы өзіне керегін алады. Іздеу, тасымалдау және қауіпсіздік мәселелеріне кететін уақытын үнемдейді. Мал биржасы малдың әр түріне бағаның нақты көрсеткішін қалыптастырады, мемлекетке саладан түсетін кірісті болжау үшін нарықтық қозғалыстар мен тенденцияларды түсінуге, банктер тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге, ал фермерлерге кез келген уақытта және кез келген климаттық өзгерістер жағдайында, мысалы құрғақшылық кезінде малды сою қажетінсіз сатуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов австралиялық мамандармен кездесіп, жергілікті шаруалардың басын қосып өңірде мал шаруашылығы саласына қатысты ауқымды жобаны талқылады. Айта кетейік, Сайрам – ауыл шаруашылығы өркендеген іргелі аудандардың бірі. Биыл ауданда елімізде бұрын-соңды болмаған «Мал биржасы» жобасы бастау алмақ. Бұл жоба «Nurym Group» компаниясы тарапынан австралиялық үлгіде жасалады. Жаңа жобада мал базарының құрылымын түзуде сатушылар мен малдардың, сауда жасаушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылмақ. Онда саудаға әкелінген малды ыңғайластыруда заманауи технологиялар қолданылады. Сонымен қатар, малдарға арналған арнайы орындарда олардың жем-шөбі мен суының уақтылы берілуіне жағдай жасалған. Ең бастысы, мал биржасында тазалықтың талапқа сай болуы қатаң қадағаланады.
Қазіргі таңда жобаның сметалық құжаттамасы авсралиялық мамандармен бірге әзірленуде. Жоба Алматы-Самара тас жолының бойында салынады.
Естеріңізге сала кетейік, Аустралияның мал шаруашылығын жүргізудегі озық әдістерін зерттеу үшін отандық делегация аталған елге сапар шекті. Оның құрамына аграрлық бизнес, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Түркістан, Қостанай, Алматы және Жетісу әкімдіктерінің басшылығы кірді. Аустралия – жаһандық экспорттаушы: қой еті экспортының үлесі бойынша – бірінші орында, ал сиыр етінің экспорты бойынша – екінші орында. Оның 100-ге жуық өнім жеткізу нарығы бар. Бұл ретте ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Отандық мамандар аустралиялық фермерлер мал шаруашылығы саласында осындай экономикалық табысқа қалай қол жеткізгенін анықтады. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды. Осы орайда айта кетейік жуырда Аустралияға сапар барысында вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық фермерлер мен өңір басшылары бесінші континенттің ірі және заманауи мал биржаларының біріне барды. Аустралиядағы RLX (Regional Livestock Exchange) мал базарының жалпы ауданы 4 гектарды құрайды, оның 1,5 гектары жабық базар. Бір уақытта мұнда 8 мың басқа дейін мал сыяды. Мұнда әр сейсенбі және екінші бейсенбі сайын сауда өтеді. Мұнда жыл сайын 140 мыңға жуық ірі қара мал сатылады. Сатуға әкелінген барлық мал басы электронды биркалар арқылы сәйкестендіріліп, бақыланады. Ірі қара мал аукционға бір күн қалғанда әкелініп, таза салмағын сақтау үшін кешкі сағат 21.00-ден бастап азық берілмейді. Ал сатылған соң мал жаңа иесіне немесе союға тасымалданады. Сауда күніндегі сату көлемі 99,5% құрайды, яғни сатылмаған ірі қара мал қалмайды дерлік. Мұнда қауіпсіздік мәселесі ерекше назарда. Мал базарының құрылымы сауда-саттықтың барлық кезеңінде малдың бірқалыпты қозғалысын қамтамасыз етеді. Шатыр аптап ыстықтан сақтайды, таза су тұрақты түрде беріледі, ал металл баспалдақтардың жұмсақ қаптамасы малды түсіріп, көтеру кезінде тұяқтарының зақымдалуынан сақтайды. Бұдан бөлек, барлық қалдық және сарқынды су жиналып, қайта өңделеді. Кездесуге келген MLA (Meat and Livestock Australia) өкілдерінің айтуынша, Аустралияда көптеген жеке және муниципалдық мал биржалары қарөынды дамыған. Муниципалдықтар 150 жылдан бері келе жатса, жеке меншіктегілер бар болғаны 15 жыл бұрын жұмысын бастаған. Жүйе жұмысы мынадай: әр сатылған малдан MLA-ға салық түрінде 5 аустралиялық доллар түседі, бұл төлемдер заңмен белгіленген. Ал MLA өз тарапынан жануарларды сәйкестендіру және қадағалау үшін бірыңғай электронды жүйенің жұмысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жергілікті фермерлердің экспорттық өнімдерін зерттеу, маркетинг және жарнамалау жұмыстарын жүргізеді. «Елімізде мал шаруашылығын бақылайтын жақсы жүйелердің болғаны біз үшін өте маңызды. Біз өнімнің биоқауіпсіздігіне, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына, жануарларды жақсылап күтіп-баптауға басымдық береміз», — деді MLA өкілі.
Thompson Longhorn (RLX жобасын жасаған компания) бас директоры Байрон Вулфтің айтуынша, бұл Оңтүстік Аустралиядағы ең ірі мал биржасы, аптасына бұл алаңда 2 мың бас мал сатылады. Мәселен, 35 мың басты бағатын фермаға инвестиция көлемі шамамен $25-30 млн-ды құрайды, қайтарымы бір-екі жылда болады, содан кейін барып қана фермер таза пайда ала бастайды. Аустралиялық фермерлердің айтуынша, 5 мың басқа арналған бордақылау алаңы салынғаннан кейін қуатты одан әрі кеңейту үшін қосымша инвестициялар қажет емес. Жануарды мал бордақылау алаңына әкелген кезде құлағындағы бирка арқылы оны есепке алу процесі, параметрлері мен тарихы автоматты түрде оқылады. Мал сатылатын ел стандарттарына сәйкес әр түрлі бордақылау бағдарламалары бойынша бөлінеді. Бұл фермада 4 бордақылау бағдарламасы бар: ЕО елдері үшін, 150, 200 және 350 күнге. 25 тұрақты жұмысшы жұмылдырылған. Аустралиядағы фермаларда мал күн сайын 1,5-2 кг салмақ қосады. Өндірістің арзандауы аустралиялық фермерлердің негізгі бөлігінде жайылымның кезектесу әдісіне, бордақылаудың үш кезеңіне, қалдықтарды толық өңдеуге байланысты болып отыр. Әр кезеңдегі шығындарды азайту және биржада жақсы ұйымдастырылған мал саудасы салынған инвестициядан мүмкіндігінше тез пайда алуға мүмкіндік береді. ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі А. Бердалиннің сөзінше, Қазақстанда мал шаруашылығындағы делдалдық схемаларды қысқарту мәселесін шешу қажет екенін басты назарға алды.
«Қазақстанда мұндай мал биржалары жоқ, делдалдар шаруалардан малды сатып алып, сосын базарға шығарады. Аустралияда біз мал шаруашылығының мүлде басқа мәдениетін көрдік, оның үстіне ет өндірудің құны бірнеше есе төмен. Отандық мал шаруашылығын дамытудағы басты мәселелердің бірі – көптеген делдалдық схемалардың болуы, салдарынан мал өсіруші қалаған бағасын ала алмай отыр. Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігінде мал шаруашылығын дамытудың жоспарын жасап жатырмыз, бұл тәжірибе бізге пайдалы болады», — деп мәлімдеді Аманғали Бердалин. Сондай-ақ сапар барысында ел делегациясы Аустралиядағы ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бірі – «Eders» компаниясының басшылығымен кездесті.
Компания аустралиялық фермерлерге қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады – агрономиялық консалтинг, мал шаруашылығы бойынша кеңес беру, көміртегі шаруашылығы, ауыл шаруашылығындағы цифрлық технологиялар, геномика, мал, астық және жүн сатып алу және сату жөніндегі агенттік қызметтер, сақтандыру, ауылдық жылжымайтын мүлік туралы қолдау көрсетеді.
Elders жыл сайын шамамен 1,3 – 1,7 миллион ірі қара мал сатады. Бұл сол елдегі сатылым жалпы айналымының шамамен 12%-ын құрайды. Сондай-ақ жылына 10 млн қой сатады, бұл нарықтың шамамен 20%-ын құрайды.
Қызыл ет пен дәнді дақылдар – Аустралиядағы ауыл шаруашылығының ең тиімді бағыттары. Жыл сайын дәнді дақылдар сату шамамен 13 млрд долларға бағаланады. Аустралияда 22 мыңға жуық компания өсімдік шаруашылығымен айналысады, егіс алқабы – шамамен 20 млн гектар, негізінен бидай, арпа, рапс, сұлы, жасымық, бұршақ өсіріледі. Астық өнімдерінің 65%-ы экспортқа шығарылады. 2023 жылы бидай жинау – шамамен 25 млн тоннаны, арпа 10 млн тоннаны құрады.
Аустралияның экспорттық нарығы өте үлкен және ішкі нарықты жақсы қамтамасыз етеді, дейді Elders. Орташа алғанда, елдегі 1 адамға 1 тонна астық өсіріледі. Қазақстан – аустралиялықтардың пікірінше, әлемдегі бидай өнімділігі жоғары елдердің бірі. Компанияның қазақстандық серіктестермен фермаларды нөлден бастап құру бойынша тәжірибесі бар.
«Қазақстанда қызыл ет индустриясын жаңарту бағдарламасы жүріп жатқан кезде біз «Солтүстік Агро» компаниясымен жұмыс істедік. Қарабалықта (Қостанай облысы) екі компания іске қосылды: «Солтүстік-Агро» және «Терра». Солтүстік Агроға біз Канада, АҚШ және Аустралиядан 4,5 мыңға жуық Ангус сиырларын әкелдік. Сондай-ақ 6 мың гектарға жуық шаруа қожалығына егіс алқаптарын ұйымдастырып, жазда мал өсіруге арналып қоршалды. Қыста мал шаруашылығын қамтамасыз ететін өндірістік бордақылау алаңы және барлық қажетті инфрақұрылым салынды. Барлығы нөлден бастап жасалды. Жақсы бордақылаудың арқасында қыста мал қатып қалмады. Біз малды дұрыс азықтандырамыз – бұл біздің әдісіміз. Аустралияда ыстық температурамен байланысты мәселе көп, ал Қазақстанда – температура күрт өзгереді. Менің ойымша, сіздердің елдеріңізде бәрі сіздер қалағандай болуы мүмкін. Сіздерде жер, инвестициялау мүмкіндігі бар, сіздер орталықта орналасқансыздар, көптеген елді тамақтандыруға болады. Ең бастысы – сауданы жолға қою», деп атап өтті Elders кеңесшісі және агроменеджер Брюс Крик.
Аустралиялық мал өсірушілердің тәжірибесін қазақстандық өндірушілер де енгізуге ниетті.
«Аустралиялықтар да қазақтар сияқты ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысқанымен, десе де, олар бізден көш ілгері кеткен. Біз Қазақстанда да осындай мал базарларын ашуды жоспарлап отырмыз. Сауда-саттықты бақылай отырып, жүйенің сатып алушылар үшін де, сатушылар үшін де өте қарапайым екенін түсіндім. Мысалы сатушы 100 бас әкеледі, базар иелерінің өзі бәрін қабылдап, таразыға салып, сатып алған соң жеткізіп те береді. Жалпы Аустралияда ауыл шаруашылығы – континенттің маңызды экономикалық салаларының бірі болып саналады. Біздің үйренеріміз көп, бұл үшін Қазақстанның барлық әлеуеті бар. Біз қазір де Өзбекстан, БАӘ, Қытай нарығына ет экспорттаймыз. Экспорт көлемін арттыру жоспарымызда бар», — деді «Қайып ата» ЖШС құрылтайшысы Сырым Ертаев осы сапарда сөйлеген сөзінде.
Инвестордың айтуынша, бұл жобалар арқылы жұмыс орындары көбейеді. Аустралиялық тәсілмен салынатын заманауи мал базарында саудагерлерге де, келушілерге де қолайлы жағдай жасалмақ. ЖСҚ және рұқсат құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Аустралиялық компаниялардан коммерциялық жеңілдіктер күтілуде. Алматы-Самара тас жолының бойында 40 га мал базарын салу үшін жер учаскелері анықталды.
«Жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдері әрбір жобаны сүйемелдеп, соңына дейін жетуін бақылауда ұстасын. Әр жоба бойынша Жол картасы әзірленіп, әкімдік өз міндетін, инвесторлар өз міндетін уақтылы орындаулары тиіс. Созбалаңға салуға болмайды. Бізге өндірісті дамыту, жұмыс орындарын ашу аса маңызды. Инвестициялық штабта айтылған мәселелер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жүргізілсін», — деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға тапсырма берді.
Инвестициялық штаб отырысында Кентау қаласындағы «Кентау байыту фабрикасын» қайта жаңарту және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу өндірісін іске қосу бойынша «KazOilEnergy» ЖШС директоры А.Қалабаевтың, Шардара ауданында жүгері дәндерін терең өңдеу зауытын салу бойынша «Казкрахмал» ЖШС өкілінің ұсыныстары тыңдалды.
Бәйдібек ауданындағы травертинді әрлеу тастарын өңдеу жобаларын жүзеге асырушы инвесторлар да мәселелері мен өтініштерін айтты. Ол назарға алынып, жер мен электр мәселесі шешілетін болды. Сауран ауданындағы тоңазытқыш жабдықтарын шығаратын зауыт салу бойынша украиналық «UBC BG» ЖШС өкілі айтып берді. Сонымен бірге өзге де инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.
