САУРАНДА: “БЕРЕКЕ БАСЫ – НАУРЫЗ” ШАРАСЫ ӨТТІ

Сауран ауданында «Береке басы – Наурыз» атты ісшарасы кеңінен аталып өтті. Шараға жиналған халықтың қуанышында шек жоқ. Бәрі де шат-шадыман көңіл-күйде, жүздері жарқын, бір-бірлерімен амандық-саулық сұрасып, наурыз мерекесімен құттықтап жатты.
Ауыл тұрғындарының жүздерінен мерекелік леп сезіліп, ерекше құлпырып, олардың бойларынан мейірім мен жылылық тарады. Көктемнің шуақты күндері нұрын шашқан Наурыз мейрамына жиналғандарды ұйымдастырушылар аялы құшағына қарсы алды. Осы күні аудан тұрғындарымен қатар, түрлі ұлт өкілдері, этномәдени орталықтардың мүшелері, аудан қонақтарының жүздерінен сәуле шашып, күлімдеп жүргенін байқадық.
 Мерекелік жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық, аудандық мәслихатының депутаттары мен қонақтары, аудандық ардагерлер, ақсақалдар, зиялы қауымы, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар мен этно мәдени орталықтың өкілдері мерекелік шараны тамашалады.
 Әкімдік алаңында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, аудан қонақтары мен тұрғындары наурыз көшеден дәм татып, мәре-сәре болысты. Наурыз мерекесіне арналған қолөнер шеберлерінің, оқу орындары мен білім саласының көрмелері қойылды.
 Сонымен қатар, спорттық шаралар қазақша күрес, арқан тарту сынды жарыстар ұйымдастырылды. Бұдан соң, аудан тұрғындары мен қонақтарына мәдениет үйінің арнайы дайындаған театрландырылған қойылымдық іс-шарасы көпшілік назарына ұсынылып, мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Кешкісін ораза ұстаған жамағатқа ауызашар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *