КЕРЕК ДЕРЕК: IT САЛАСЫ БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

IT- коммуникациялар мен ойын-сауықтан бастап, бизнес пен ғылымға дейін өміріміздің барлық салаларына еніп жатыр. Ол бізге ақпарат алмасуға, процестерді автоматтандыруға және жаңа өнімдер мен қызметтерді жасауға мүмкіндік береді. Компьютер, смартфон, интернет, жасанды интеллект, бұлттық технологиялар және блокчейн – мұның бәрі ІТ- саласының бөлшектері.

Жасанды интеллект  дегеніміз, кең таралған және процестерді автоматтандыру, медицина, қаржы, көлік және басқалар сияқты түрлі салаларда көп қолданылады. Ол мәліметтер негізінде білім алатын және шешім қабылдай алатын жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Blockchain технологиясы деректерді сақтау және беру үшін орталықтандырылмаған және ашық жүйені ұсынатын құрал. Ол қаржы, жеткізу тізбегі, деректерді басқару және сенімділік пен қауіпсіздікті қажет ететін басқа салаларда қолданбаларды жүзеге асырады.

Салада деректер мен қосылған құрылғылардың көлемі ұлғайған сайын кибершабуылдар қаупі артты. Демек, жеке ақпаратты қорғау маңыздырақ болып барады. Білікті мамандардың жетіспеушілігі даму мен инновацияны бәсеңдетуі мүмкін. Осы қиындықтарға қарамастан, IT даму үшін орасан зор әлеуетке ие.

Инновациялар және жаңа мүмкіндіктер: IT біздің әлемді өзгертуді, жаңа өнімдер мен қызметтерді жасауды, тиімділікті арттыруды және өмірімізді жақсартуды жалғастыруда.

Ол біздің өмірімізді өзгертеді, жаңа мүмкіндіктер береді және жаңа міндеттер тудырады. IT-ның қарқынды дамуы біздің болашағымызды қалыптастырады және осы салада бейімделуге және жаңашылдыққа дайын болуды көздейді.

Еліміз цифрлық дамыған, жасанды интелекттерді жақсы игерген ІТ мемлекетке айналуды мақсат етті. Алдымен бұл күрделі салалар туралы Түркістан облысының тұрғындарына толығырақ ақпараттарды бергенді құп көрдік. Бұған дейін жасанды интелекттің пайдасы туралы біршама қызықты деректер ұсынған едік. Бүгін нейрожүйе игіліктері туралы айтпақпыз.

Жасанды интеллектің игілігін көріп отырған елдер жоқ емес. АҚШ-тың Калифорния штаты жасанды интеллектіні ормандағы өртті сөндіру үшін пайдалана бастады. Бұл үшін мамандар от шығатын жерді дер кезінде бай­қау үшін 1036 камера орнатқан. Бұл желіні Сан-Диегодағы Кали­форния университетінің инженерлері әзірлеген. «Жасанды интеллект болмаса, бір адам бүкіл орманды күнде 24 сағат үздіксіз бақы­лап отыруы қажет. Бұл, әри­не, мүм­кін емес. Ал жасанды интел­лек­­тіге негізделген камералар күн-түн демей бақылап отырады, ор­ман­да шоқ, ұшқын пайда бол­са, түтін шықса, бірден дабыл қа­ға­ды, өрт сөндірушілерге хабар бе­ре­ді. Бұл технологияны әлемнің кез кел­ген жерінде орнатуға бола­ды», дейді инженер Сюзан Ле­й­нин­гер. Сонымен қатар геоло­гия және геофизика профессоры Нил Дрисколи: «Осыдан 5-6 жыл бұрын от тұтанған жерді анық­тау үшін белгілі бір орын­ға тұтас бөлімді жіберу қажет бола­тын. Бұған авиацияны жұмыл­дыру керек. Енді оны камера арқы­лы бақылап отыруға болады. Жасан­ды интеллектінің мүмкіндігі мол. Соңғы жылдары климат қатты өзгеріп, табиғи апаттар жиі­леп кетті. Сондықтан жасанды интел­лек­тінің игілігін пайдалана білуіміз керек», дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *