ТҮРКІСТАН: БОЛАШАҚТА ЖАҢА ІТ-МАМАНДЫҚТАР ПАЙДА БОЛАДЫ

Businessman pressing virtual icons

Жалпы алғанда жасанды интеллектінің түбегейлі адамның орнын басуы мүмкін деп кесіп айтуға келмейді. Әрине, AI көмегімен көп жұмысты жылдам және жемісті атқаруға жол ашылады. Бұл ойды Массачусетс технологиялық университетінің зерттеушілері айтып отыр. Осы орайда Түркістан облысының тұрғындары үшін жасанды интеллектінің өмірімізге еніп, болашақта пайда болатын мамандықтар жайлы аз-кем ақпаратты ұсынып отырмыз. Goldman Sachs болжамына қарасақ, жасанды интеллектіні кеңінен қолданысқа енгізген алғашқы он жыл ішінде еңбек өнімділігі жылына 1,5 пайызға артып отырады екен. Кей сарапшылар жаңа жұмыс орындары ашылуына сеп болатынын айтады. Ал бұл болса, ішкі жалпы өнімнің өсуіне жол ашады. Себебі компанияның табысы артып, ауқымын кеңейтеді, соған сәйкес сұраныс та артады. Жаңа мамандықтардың пайда болып, адамдардың жұмыс істейтін саласын ауыстыруы үшін, әлбетте, дайындық керек. Сондай-ақ, жұмыстан шығып қалғандарға қолдау білдіру де қажет. Сондықтан бұл жағынан әр елдің үкіметі тиісті шешімдер қабылдауы керек болады.

Мәселен, Дания билігі қазірдің өзінде мұның жолын тауып, практикада істеп көріп жатыр. Олар бұл жүйені flexicurity (flexibility — икемділік және security — қауіпсіздік) деп атаған. Яғни еңбек нарығының икемді баланста болуын қадағалап, қызметкерлердің жұмыссыз қалмайтынына кепілдік береді. Аталған жүйе жұмыс берушілерге нарықтағы ахуалға қарай қызметкерлерді еш уайымдамай жұмыстан қысқартуға мүмкіндік береді. Ал сол жұмыстан шығып қалған қызметкерлерге екі жыл бойы айына 2,9 мың доллар көлемінде жәрдемақы беріліп отырады. Сондай-ақ карьера бойынша кеңесшілермен жұмыс істеп, қайта даярлау курстарына қатысуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *