ТҮРКІСТАН: АҚЫЛДЫ ҚҰРЫЛҒЫ АЛАПАТ АПАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

Әлемдегі ең ірі Google компаниясы жасап шығарған жойқын апаттарды алдын ала болжайтын жасанды интеллект әзірлеу тұрғысынан үлкен жұмыстар атқаратын ойы бар. DeepMind бас директоры Демис Хассабистің айтуынша, алдағы уақытта компания ЖИ-ді дамытуға 100 млрд доллардан астам қаржы салуды жоспарлап отыр. Тасқын судың әсерінен біздің елімізде орасан зор шығынға ұшырады. Есепсіз мал шығыны, қираған үйлер, бос қалған ауыл, су басып ортасына түскен шаңырақтар, әрине ел Президенті мұның бәрі мемлекет тарапынан қайта қалпына келтірілетінін жеткізуде. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, климат қазір әжептәуір өзгерді. Тасқынды алдын ала жақсылап болжау мәселесі күн өткен сайын өзекті бола бастады. Осы ғасыр басталғалы бері тасқын тәуекелі екі еседен астамға өсіп кетті. Дамушы елдердегі тасқын туралы ескерту жүйесін дамыған елдердегі деңгеймен теңестірудің нәтижесінде жыл сайын 23 мың адамның өмірін құтқарып отыруға болады.

Google-дің зерттеулер және әзірлемелер бойынша вице-президенті Йосси Матиастың айтуынша, моделді қолданысқа енгізгелі бері ол Колумбия мен Үндістандағы су тасқынын болжауға көмектескен. Модель әзірге қалалар мен шеткері аудандардағы тасқындарды болжай алмайды, бірақ команда бұл олқылықтың тезірек орнын толтыруға ниетті.

Жалпы көктем басталғалы су тасқыны әлемнің тең жартысын дүрліктіріп әкетті десек артық айтқанымыз емес. Таяуда ғана Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі қаласы Дубай айналасы 12 сағаттың ішінде көлкілдеген су ішінде қалды. Әлемге әйгілі «Дубай Молл» сауда орталығы да, метро мен жолдар да, елден ерек етіп салынды делінген инфрақұрылым нысандары да тасқын судың қарқынына қарсы тұра алған жоқ. Синоптиктердің есептеуінше, бір жарым күн ішінде қалаға 150 мм жаңбыр жауған.

Қытайда да жаңбыр шамадан тыс жауып, салдарынан 127 млн адам тұратын Гуандун провинциясын су басты. Табиғи апат салдарынан төрт адам қаза болып, оншақты адам хабар-ошарсыз кеткен. Xinhua агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта 100 мыңнан астам адам эвакуацияланды және 30 мыңға жуығы уақытша мекендерге орналастырылды.

Алапат су тасқыны Уганда елінде де болды. Доколо деп аталатын солтүстік ауданның 15 мыңға жуық халқы эвакуацияланған. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, әйелдер мен балалар медициналық мекемелер мен мектептерге орналастырылып жатыр. Мұндай тасқын Уганда да 2022 жылы болып, сол кезде 24 адамның өмірін қиған еді.

Тізбелей берсек, тасқын тудырған апат салдарын сезінбеген ел кемде кем. Ғалымдардың алдағы уақытқа жасап отырған болжамы да аса жайлы емес. Ньюкасл университетіндегі зерттеу бөлімінің жетекшісі және гидролог Сельма Геррейроның айтуынша, осы ғасырда жағалауда орналасқан өңірлердегі тасқын жиілігі 10 есе ұлғаюы мүмкін.

«Қазір шамамен 100 мыңдай адам тасқын қатерін сезініп отыр. Егер парниктік газ шығарындылары азаймаса және тиісті бейімдеу шаралары қолданылмаса 2050 жылға таман бұл цифр 700 мыңға жетуі мүмкін»,– дейді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *