КЕРЕК КЕҢЕС: АЛАЯҚТАР ОТАНДЫҚ NETFLIX ҚОЛДАНУШЫЛАРЫНА ШАБУЫЛ ЖАСАУДА

Қазақстандықтарға Netflix стриминг-сервисінен белгілі спам-хабарлама арқылы шабуыл жасала бастады. Сервисті пайдаланушыларға Netflix жазылымын ұзарту ұсынылады және жалған веб-сайтқа кіріп, сол жерде банк картасының мәліметтерін енгізуді сұрайды. «Касперский зертханасы» сарапшыларының мәлімдеуінше, алаяқтар мұндай спам-хабарламаларды қазақ тіліне аудара бастаған. Осы ретте барша отандастарды интернетнет алаяқтарға алданбауға, Netflix стриминг-сервисінен белгілі спам-хабарламалардан сақ болуға шақырамыз. Осы орайда сала мамандарының кеңестерін, Түркістан облысының тұрғындарының назарына кибершабуылдардан қалай сақтану керектігін ұсынып отырмыз.

«Бұл хабарламалардың айырмашылығы, алаяқтар әдетте ресурстың негізгі мақсатты аудиториясына назар аудара отырып, мұндай хабарламаларды ағылшын тілінде таратады. Белгілі бір аймақ үшін локализация алғаш рет орын алуда», – делінген «Касперский зертханасы» сайтында.

Алаяқтар жалған хабарламаларды жіберуді электрондық пошта арқылы жүзеге асырады. Ондағы мақсат – жәбірленушінің банктік аккаунтары мен карталық шоттарына қол жеткізу немесе бұл ақпараттарды darknet желісінде сату.

«Бұл схема бірнеше жылдан бері бар, бірақ біз бұрын қазақ немесе басқа тілдердегі нұсқаларын кездестірмедік. Шабуылшылар үлкен тілдік модельдерін өз мақсаттары үшін көбірек пайдаланады. Соның ішінде зиянды хабарламаларды локализациялау ғана емес, сонымен қатар басқа да фейк контент құру да бар», – деп атап өтті «Касперский Зертханасының» киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Роман Деденок.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін сарапшылар келесідей ұсыныстарға кеңес береді:

  • Белгісіз біреулердің электрондық хаттарына сын көзбен қарау, әсіресе, төлем жасауды немесе ақша аударуды сұраған кезде;
  • Күмәнді сілтемелерді баспау;
  • Жеке деректерді енгізбес бұрын сайттың түпнұсқалығын тексеру;
  • Фильмдерді көру немесе жүктеп алу үшін ресми ресурстарды пайдалану.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *