«АУЫЛ АМАНАТЫ ЕЛ ДӘУЛЕТІН ЕСЕЛЕЙДІ»

Сауран ауданы әкімі Мақсат ТАҢҒАТАРОВ:
«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ —
АУДАН ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет»,-деген болатын.
Сауран ауданының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан бұған мемлекет, үкімет, қаржылық ұйымдар мен әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан 101,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемі — 106,1% құрады. Атап өтсек, өсімдік шаруашылығы – 70,8 млрд. теңге (108,3%), мал шаруашылығы – 30,5 млрд. теңгені (100,8%) құрады. Өткен жылы 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артық орындалды (104,6 %). Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 12,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 163,3% артты.
2024 жылға ауыл шаруашылығы бойынша жалпы құны — 14,5 млрд. теңгеге 9 ірі және 35 шағын инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында жалпы құны — 7,9 млрд.теңгеге 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Атап өтсек, Ескі Иқан ауылдық округінен «AgroFoodTrade» ЖШС мақта майын өндіру цехы, жоба құны — 500 млн теңге тұрады. Ол арқылы он адам жұмыспен қамтылады. Оранғай ауылынан «Балмұздақ» ЖШС сыйымдылығы 150 тонналық кондитерлік, тамақ және жартылай фабрикат өнімдерін сақтайтын қойма жобасын жүзеге асырмақ. Жоба құны — 2,3 млрд теңге тұрады. Ол арқылы 20 адам жұмыспен қамтылатын болады. Шаға ауылынан «ЯССЫ Агро KZ» ЖШС 588 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз егу жобасын бастайды. Жоба құны — 578 млн теңге тұрады. Жоба жүзеге асқан кезде 20 адам жұмыс табады. Жаңа Иқан ауылынан «АгроХолдинг Түркістан» ЖШС 1400 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін ендіруді көздеп отыр. Жоба құны – 1,6 млрд. теңге тұрады. Бұл әдісті меңгерген 15 маман жұмыспен қамтылады. Жібек жолы ауылынан «JMJ Агро» ЖШС 1000 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін енгізгелі отыр. Жоба құны – 2,5 млрд. теңге тұрады. Жоба жүзеге асқан кезде 30 адам жұмыс жасамақ. Жаңа Иқан ауылынан 2024-2027 жылдары іске асатын «Казтекс» ЖШС мақта кластері жобасы, жоба құны — 1,5 млрд теңге тұрады. Жоба толық жүзеге асқан кезде 29 адам жұмыс жасайтын болады. Инвестордың негізгі мақсаты 4 кезеңнен тұрады. 2024 жылы — мақтаны қайта өңдеу зауытын салу, 2025 жылы — мақта майы және кір сабын, қалған қалдығынан мал азығын шығару жобасы, 2026 жылы — мақта талшығынан жіп өндіру, 2027 жылы — мата шығару жобасын бастайтын болады. Бұл жоба өз кезегінде аудандағы мақташылардың өзекті мәселесін шешіп қана қоймай, мақтаны тереңдете өңдеудің алғашқы қарлығашы атанбақ.
Қазіргі таңда ауданда мал саны — 583 378 бас, құс саны — 174 187 басты құрады. Сол арқылы бүгінгі күнге 14 830 тонна ет, 55 506 тонна сүт, 9 млн. 128 мың дана жұмыртқа өндірілді.
2024 жылға мал шаруашылығы саласында жалпы құны — 6,6 млрд.теңгеге ірі 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оранғай ауылдық округінен «БНК АГРО KZ» ЖШС-нің 2 жобасы басталады. Олар 400 бастық сүт-тауарлы фермасын салу. Жоба құны — 2,1 млрд. теңге тұрады. Ол арқылы 35 адам жұмыспен қамтылатын болады. Екіншісі 1гектар жерге мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысы басталады. Жоба құны — 400 млн. теңге тұрады. Шаға ауылдық округінен «SULTAN AGRO GROUP» ЖШС 600 бастық сүт-тауарлы фермасын салуды бастайды. Жоба құны — 4,1 млрд теңге құрайды. Жоба жүзеге асырылған жағдайдаа 100 адам жұмысқа қабылданады.

Қазіргі таңда Сауран ауданының жастары «Ауыл аманаты» жобасына белсенді қатысуда. Бүгінге дейін «Ауыл аманаты» жобасымен несие алуға 274 адам құжат тапсырды. Оның жалпы құны 1 494 млн. теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде, 191 жобаға 1267 млн. теңгеге қаржыландырылды. Мал шаруашылығы бағытында – 165 жоба мақұлданды. Оның жалпы құны 1005 млн. теңгеге жеткізілді. Өсімдік шаруашылығы бойынша 9 жоба басталды. Оның жалпы құны — 54 млн. теңге болады. Балық шаруашылығы бойынша екі жоба басталды. Оның жалпы құны — 17 млн. теңге болады. Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері бойынша құны — 124 млн. теңге тұратын бес жоба мақұлданды. Өз кәсібін ашуға құны 68 млн. теңге тұратын он жоба ұсынылды.
Бүгінгі күнге аудан бойынша 149 шаруа өзге облыстан 2918 мал сатып алды және 9 шаруа жылыжай салды. Шаруаларға барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында «Жер аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба бойынша 29,5 мың гектар ортақ жайылымдарды қайтару жоспарланып, оның 32,5 мың гектары қайтарылып, тұрғындардың пайдалануына берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *