ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ: САУРАНДА ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ АХУАЛ ҚАЛЫПТЫ

 

Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды. Алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті. Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады»,-деген болатын.

Соған орай, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 2023 жылғы                           10 айында атқарған жұмыстары туралы баяндасақ, кешенді шаралар жүзеге асуда. 2023 жылға ішкі саясат бөлімінің штат санының лимиті 9 адамды құрайды, оның ішінде бөлім басшысы – 1, сектор меңгерушісі – 1, бас маман – 3, келісім-шарт негізінде 4 қызметкер жұмыс атқарады. Бөлімдегі барлық мамандардың білімі жоғары. Қызметкерлердің орта жасы — 29, ерлер – 7, әйелдер -2.

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де 23 штат бөлінген. Соның ішінде басшымен қоса 17 штат өз жұмысын жалғастыруда.

Сауран ауданында 11 белсенді қоғамдық ұйым және 3 саяси партияның аудандық филиалы оның ішінде «Amanat» партиясы – 3 974 адам, «Қазақстан халық партиясы» – 27 адам, «Ауыл» партиясы — 523 адам жұмыс істейді.

Жыл басынан бері аудан аумағында қазіргі таңда халық арасында наразылық тудыруы мүмкін әлеуметтік қауіп ошақтарына 10 мәселе енгізілді.

Енгізілген 10 мәселенің 5-уі толық шешімін тауып, наразылық қаупі төмендеуіне байланысты бақылаудан алынды. Олар Жаңа Иқан ауылдық округі, Ойық елдімекенінде ауыз сумен қамтамасыз ету жайы шешілді.  Қарашық ауылдық округі, Құмтүйін елдімекеніндегі жеке кәсіпкерге тиесілі суармалы жерлерді қайтару мәселесі, Бабайқорған ауылындағы «Бабайқорған» жалпы орта мектебінің директорының қызметіне қатысты тұрғындардың наразылығы басылды. Сауран ауданы Шаға, Иассы, Оранғай, Жаңа Иқан ауылдық округтерінен Кентау қаласына берілетін жалпы алаңы 75552,36 гектар жер телімдерін берілуіне қарсылығы шешімін тапты. Жүйнек ауылдық округі Шыпан ауылы маңынан берілген 10 гектар жер теліміне құрылыс жұмыстарын жүргізуге тұрғындардың қарсылығы мәселесі келісілді. Алда бес мәселе атқарылуын күтіп тұр. Атап айтқанда, Шорнақ ауылдық округіндегі карьер мәселесі, Сұлтанбек Қожанов ауылындағы тұрғындар мен жеке кәсіпкер арасындағы ауыз суды бөлісе алмау, Теке ауылындағы ауыз судың жетіспеушілігі, Ескі Иқан ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету, Ескі Сауран ауылындағы ауыз су мәселесі  көпшілікпен ойластырыла отырып, шешіледі деген үміттеміз.

ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕЛІ ШЕШІЛУДЕ​​​​​​

2023 жылғы 10 айда Сауран ауданында жалпы 101 544 адамды құрады. Ауданда 10-нан астам этнос өкілдері тұрады. Ауданда өзге ұлт өкілдері негізінен Шорнақ, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Шаға ауылдық округтерінде тығыз шоғырланған. Ақпараттық-насихаттық тобының 2023 жылға арналған кездесулер кестесі бекітіліп, аралас мектептерде және аудан тұрғындарымен «Отандық патриотизм деген не? Патриотизм діни тұрғыда. Мен отаныма қызмет етемін!» тақырыбында және «Этносаралық келісімді сақтау және деструктивті діни ағымдарды алдын алу!» тақырыбында 60-тан астам кездесулер өтіп, 1000-нан астам адам қамтылды.

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Сауран ауданында 17 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 14-қоғамдық бірлестік, 3 — қоғамдық қор тіркелген.

Аудандағы үкіметтік емес ұйымдар ауданның дамуына, қоғамдық жұмыстарына беслене атсалысып, бірлескен жұмыстар мен бірқатар                  іс-шаралар өткізілді. Ағымдағы жылғы 20 наурыз күні «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық өкілдігімен бірлесіп зағип жандардың қатысуымен демеушілерді тарта отырып, қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ағымдағы жылғы 27 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде аудандық Әкелер кеңесімен бірлесіп «Өнегелі әке» байқауы өтті. «Әже – ұлт ұйытқысы» тақырыбында аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті. Ағымдағы жылғы 31 тамыз күні ішкі саясат бөлімі және «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық өкілдігінің ұйымдастыруымен тарихи орындарға саяхат ұйымдастырылды. Зағип жандар Үкаша ата кесенесіне зиярат етіп, кесене тарихымен танысты.

Аудандағы діни тұрақтылықты сақтау мақсатындағы жұмыстар да жүйелі жүргізілуде. Сауран ауданында Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің филиалы — 37 мешіт жұмыс істейді.​ 10 айда ақпараттық-түсіндіру тобының тарапынан елдімекендерде, мектептерде, колледждерде, мекемелерде 65 кездесу өткізіліп, 3600-ге жуық астам адам қамтылды. Кездесулер барысында елдімекен тұрғындарына, мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне және мекеме қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі, тиым салынған діни экстремистік ұйымдар жөнінде түсіндірілді. Діни тұрақтылықты сақтау мақсатында өткізілген іс-шараларды атап өтер болсақ, 18 қазанда Рухани келісім күніне орай іс-шара, «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында дінтанушы, теолог мамандармен кездесу шарасы өткізілді.

Мемлекеттік рәміздер бойынша ағымдағы жылғы 24 сәуір күні  аудан орталығындағы «Шорнақ» жалпы орта мектебінің акт залында  «ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және ұлттық стандартқа сай қолдану бағытындағы жұмыстар» тақырыбында әдістемелік семинар  өткізілді.

ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ- ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА ТҰР

Күні бүгінге дейін Облыстық мәдениет және туризм басқармасының «Оңтүстікфильм» мекемесімен бірлесе «Т.Айтжанов», «М.Балақаев», «Ұлықбек» атындағы мектептерде оқушыларға кинокөрсетілім жасалды. Ағымдағы жылғы 20 қыркүйек күні  «Сауран — Жібек жолының жауһары» тақырыбында журналистер жорығы өтті. Оған облыстық телеарна мен басылым журналистері қатысты. Баспасөз туры  — аудандағы туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Журналистер жорығы Жүсіп ата кесенесінен басталып, Оранғай ауылындағы жеке кәсіпкердің жұмысымен танысып, Ескі Сауран қалашығында қорытындыланды. Аудан көлемінде өткізілген барлық шаралар тұрғындардың басым көпшілігіне оң ықпалын тигізіп, жалпы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғарылатуға өз септігін тигізуде. Алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралардың кешенді жоспары жасалды. Оның ішінде «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумын өткізу, аудан аумағында орналасқан барлық мешіттердің құжаттарын рәсімдеу, бейнекамераларға мониторинг жұмыстарын жүргізу, этносаралық татулықты нығайту, қылмыстардың алдын алу бағытында мекемелерде, мектептерде түсіндірме жұмыстарын жүргізу көзделеді.

Ішкі саясат бөлімі аудандағы Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп негізгі қызметі жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету,жастар саясатын қолдау болып табылады. Орталықта үш бөлім жұмыс жасайды. Олар, «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімі, «Талантты жастарды қолдау және БАҚ-мен жұмыс» бөлімі, «Талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеу» бөлімі.

Жастардың сапалық құрамы бойынша 14-35 жас аралығындағы жастарға тоқсан сайын талдау жүргізіліп, мәлімет жаңарып отырады. Дерекқор бойынша ауданда тұрып жатқан жастар саны – 33030-ге жетіп отыр. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған жайларды саралай келіп, жастармен жұмысты тоғыз бағытта жүргізуді қолға алды.

І.бағыт: Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту бағыты бойынша 23 іс-шара өткізіліп, 1920 адам қамтылды.

ІІ.бағыт: Денсаулықты сақтау және көтермелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту бағыты бойынша 450-ден астам іс-шара өткізіліп, 4620 адам қамтылды.

ІІІ.бағыт: Жастарды жұмысқа ынталандыру, жұмыспен қамту және жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау бағыты бойынша    94-кездесу, 3-жәрмеңке өткізіліп, 2556 жас қамтылған.

ІV.бағыт: Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, жастардың ерікті қызметін іске асыру бағыты бойынша 72 іс -шара өткізіліп, 3624 адам қамтылған.

V.бағыт: Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған  78 кездесу өткізіліп, «Жасөспірім» жедел-профилактикалық 42 түнгі рейд шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында- 9 іс -шара өткізілген. Қамтылған жастар саны- 5833-ті құрады.

VI.бағыт: Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, зайырлылық және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу бағыты бойынша 73 іс-шара өткізіліп, 2546 жас қамтылды.

VII бағыт: Мәдени, рухани, дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу, бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету бағыты бойынша 36 іс-шара өтіп, 6500 жас қамтылған.

VIII бағыт: Жастар арасында психо-профилактикалық жұмыстар атқару және психологиялық қызмет көрсету бағыты бойынша 102 кездесу, 128 семинар-тренинг  өткізілді. Қамтылған жастар саны- 9926.

IХ бағыт: Жастар арасындағы діни экстремизмнің  және діни білімсіздіктің қоғамда өзекті мәселеге айналуының алдын алу мақсатында  – 32 кездесу өткізілді. Қамтылған жастар саны- 2268

Алдағы уақытта «Жыл үздігі-2023» жастар арасында үздіктерді марапаттау, гала концертін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл атқарылған кешенді шаралардың дені жастарды қамтитын болғандықтан жігерлі жастарды көбірек қамтып, оларды моральдық және материалдық тұрғыда қолдау шараларын жалғастыра беретін боламыз.

Нұрғазы ТАЖЫБЕКОВ,

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *