Түркістан облысы, Сауран ауданы көлемінде кәсіпкерлер санының артуына бірден-бір себеп — жылдан-жылға кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолайлы бағдарламалар ұсынылып, қолдаулар көрсетілуде.
Осы ретте аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Иассы ауылдық округінде кәсіпкерлермен кездесіп, шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін арнайы 9 гектар жерге қазықтары тағылып, орындары белгіленді. Кәсіпкерлер түрлі бағытта шағын және орта бизнесін дамыту үшін алдағы уақытта жұмыстарын жалғастыратын болады.
Кездесу барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпкерлерге барлық бағыт бойынша қолдау көрсететіндігін жеткізді. Аталмыш индустриалды аймақта кәсіпкерлер өздері тарапынан атқаратын жұмыстарын айтып, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтымақ. Бұл бастама ауданның көркеюі мен дамуы тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына, жұмыс күшінің артуына сеп болмақ.
Иассы ауылдық округіндегі индустриалды аймаққа өз кәсіптерін бастауға ниетті азаматтардың жұмыстарына тоқталып өтсек. Жеке кәсіпкер Фархад Абишев 15 соттық жерге бурчатка шығаратын цехты іске қоспақ. Ал, жеке кәсіпкер Қанат Қыдырбек 15, Рустем Худайбергенов 60, Худратулла Мамадалиев 15 соттық жерге жиһаз өндірісін ашқалы отыр. Сонымен қатар, Данияр Қасымов 15 соттық жерге пенопласт, клей, Зафар Зайров 30 соттық жерге пенопласт, Жеңіс Тойбеков шеге, темір бұйымдарынан және метал өнімдерінен құрылыс заттарын шығаратын цехтарды ашуды көздеп отыр.
Жиында аумақты бөліске алған кәсіпкерлерге индустриалды аймақтың құжаттарын дайындауға көмек көрсетіледі. Қажетті электр жарығы мен су тағы басқа көптеген мәселелер ауылдық округ әкімдігі тарапынан жүзеге асырылады. Шара соңында Иассы ауылдық округінің әкімі Сыздық Пірметов пен кәсіпкерлер арасында екі жақты меморандум жасалды.