Түркістан облысы Сарағаш ауданы басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы қос «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты.
Алдымен аймақ басшысы Оспанов көшесінің бойындағы білім беру ордасына барды. Бүгінгі таңда мектеп ғимаратының ішкі сылақ және электр жүйесін жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарына 35 адам жұмылдырылған.

Келесі кезекте аудан әкімі Телемұнара шағын ауданында салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарын бақылады. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының ішін сылау, ішкі электр жүйелерін және желдету жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ білім беру ордасында кәріз және ауыз су жүйесі толық іске қосылған. Осы жоба аясында Сарыағаш ауданында 10 мектеп салу жоспарланған.