Польша мемлекетінің Краков қаласында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында сарыағаштық спортшы жеңімпаз атанды. 63 келіде сынға түскен Серік Мақұл джиу-джитсудың комбат бағдарламасы бойынша алғашқы жекпе-жегінде жергілікті поляк спортшысын жеңсе, екінші белдесуінде испандық спортшыны қапы қалдырды. Жартылай финалда молдовандықты жеңіп, ақтық сында украиндық спортшыны жеңіп чемпион атанды.
Серік Мақұл бұған дейін Азия және Европа чемпионатында алтын, әлем чемпионатында күміс медаль олжалаған болатын. Ол Қажымұқан спорт мектебінде жасөспірімдерді спортқа баули жүріп, жетістіктерге жетіп жүр.