КЕРЕК КЕҢЕС: ТАҢҒАЖАЙЫП РОБОТТАР ҚАЛАЙ ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ?

 

 

Балалар таңғажайып  роботтарды дайын үлгі бойынша емес, толықтай өздері сызып, сол бойынша құрастыру жоспарын дайындайды. Оның пішінін, атқаратын қызметін өздері бекітеді. Яғни конструктор  робототехниктің бір басына бірнеше функцияларды енгізеді. Осылайша құрастырушы өз қиялын шарықтатып, ойындағы роботын  жасап шығарады.

Негізі роботты бір адам өзі де құрастыра алады екен. Алайда оған біраз уақыт кетеді. Сондықтан тиімдісі команда болып атқарса, шаруа да біршама жеңілдейді және уақытты да үнемдейді. Өйткені бұл – әмбебап өнер. Себебі мұнда біреу роботтың дизайнын ойластырса, енді біреуі компьютерлік бағдарламасын әзірлейді.

Робототехника бірнеше пәнді бір арнаға тоғыстыратынын жоғары да айтып кеттік. Математика, физика, информатикамен қоса, тіпті билологияның заңдылықтарын да жетік білуіңіз қажет. Бұған қоса, құрастыру кезінде күнделікті өмірде алып жатқан білімді де тәжірибеде қолдануға тура келеді. Жалпы, робототехника саласы мұнымен айналысқан кез-келген адамды жан-жақты дамытады.

–Бізде робототехникамен әр түрлі жастағы балалар айналысады. Жас ерекшелігі маңызды емес. Бастысы  балада қызығушылық болғаны дұрыс. Әр деңгейден өткен  сайын роботтарды құрастыру да қиындай түседі, – дейді маман Р.Тлектес.

Таңғажайып роботтардың әлемдің топтамасы

Адамзат қамы үшін аянбай тер төгу процесін белсенді түрде атқарып жүрген әлемдік роботтардың топтамасын ұсынамыз.

Футболист-роботтар

Дүниежүзінде танымалдылыққа ие спорттың бірі – футбол. Роботтардың легі бұл спортты да айналып өтпеді. Сол себепті жыл сайын шетелде «Robot Soccer World Cup – RoboCup» деп аталатын әлемдік чемпионат ұйымдастыру дәстүрлі үрдіске айналған. Іс-шараның басты мақсаты – жасанды интеллекттің дамуына үлес қосу.

MAARS роботы

Мейлінше қаруландырып жетілдірілген  модульді робот,  әрі кішігірім  әскери гаджеттің қызметін атқарады. Аталмыш роботтың міндеті – қауіпті аймақтарға барлау жүргізіп отыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *