Сала мамандары қазір OpenAI дүрбелең тудырған кезде мынаны түсіну керек дейді: ЖИ ең жақсысын болжап, есте сақтап, жаңғырта және таңдай алады, бірақ бәрібір жаңа нәрселерді қалай жасау керектігін білмейді, кенеттен дана бола алмайды. ЖИ бөлігі ретінде нейрондық желіні пайдаланатын тағы бір сала — биометрия немесе адамды бірегей биологиялық және мінез-құлық сипаттамалары бойынша сәйкестендіру. Биометрияның ең көп тараған түрлері: саусақ ізі, бет кескіні, дауыс, көз қарашығы мен алақан тамырларының үлгісі.
Сарапшы маман Beeline-да ЖИ-ды қолданудың мысалын былай келтіреді: «Маркетингте біз оны ұсыныстар жасау және өнімдерімізді жекелендіру үшін пайдаланамыз. Тұтынушыларға қызмет көрсетуде біз мәтіндік немесе дауыстық боттарды пайдаланамыз. Біз сондай-ақ бейне аналитика бағытын белсенді түрде дамытып жатырмыз. Менің ойымша, ЖИ мүмкіндіктерін мәтінмен, фотосуреттермен және бейнелермен жұмыс істеу үшін қолдану көптеген компаниялар ұстанған бағыт.
Компания ЖИ технологияларының үлкен деректерде үлгілерді табуын және адамның орнына жауапты болжауды үйренуін қамтамасыз етуге тырысады. Әдетте, машина адамдар күтпеген үлгілерді табады. Сондықтан, барлық ЖИ негізіндегі шешімдер процесс қайталанатын, массивті және табысқа жетудің нақты критерийлері болған кезде экономикалық тұрғыдан сұранысқа ие.
Жалпы, бізде дамудың орындылығын бағалауға қатаң көзқарас қалыптасқан, сондықтан қаржылық нәтиже әкелмейтін идеялар жүзеге асырылмайды.
MarketsandMarkets мәліметтері бойынша, биометрияның жаһандық нарығы 2022 жылы 42,9 миллиард долларды құраған, ал 2027 жылға қарай 82,9 миллиард долларға жетеді деп болжам жасайды. Қазақстанда биометрия технологиясын негізінен банктер, телекоммуникация компаниялары, FMCG ірі желілері пайдаланады. VERIGRAM қазақстандық компаниясының Уахат Бастимиев:
«ЖИ – бұл бірнеше нейрондық желілер, бір сөзбен айтқанда, сұрақтарға жауап беретін құрал. Барлығы әрине қойған сұрағыңызға байланысты. Біздің жағдайда нейрондық желілер көптеген беттердің массивінде оқытылады. Беттің қозғалғыштығына байланысты 100% сәйкестік жоқ, бірақ тексеру үшін 85% жеткілікті. Бұл ретте мұндай өнімді тек жергілікті мамандардың күшімен салу мүмкін емес. Біз әлемнің түкпір-түкпірінен әзірлеушілерді тартуға тырысамыз», деп пікір білдірген екен.
