КЕРЕК КЕҢЕС: ИНТЕРНЕТТЕГІ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ ҚАНДАЙ?

 

Алаяқтық дегеніміз – ерте заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап келе жатқан қылмыстардың түрі. Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді.

Айта кетейік кейінгі 7 жылда Қазақстанда жасалған интернет алаяқтық 10 есеге артқан. Цифрлық қызметтердің дамуы жағдайында киберқылмыстың өсуі байқалады, оның негізгі үлесін интернет-алаяқтық құрайды. Биыл қаңтарда 1871 интернет-алаяқтық тіркелді, бұл өткен жылғы қылмыстың көрсеткішінен 16,8%-ға жоғары. Айдос Рысбаев  Ішкі істер министрлігінің қылмыстың осы түріне қарсы шаралар жүргізетінін айтты.

«Оларды іске асыру қарқынын, оның ішінде банк секторында және онлайн саудада есепке алсақ, интернетте жасалған алаяқтықтардың саны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі күні барлық дерлік елдер, соның ішінде ақпараттық технологиялар саласында дамыған елдер де қылмыстың бұл түрінен зардап шегуде. Соңғы 7 жылда Қазақстанда олардың саны 10-нан астам есеге өсті. Бұл ретте 2023 жылы аталған қылмыс барлық алаяқтық қылмыстың 50%-ын құрап, азаматтарға 21 млрд.теңге залал келтірген»,- деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев.

Интернет алаяқтық деп – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерге барады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *