ЦИФРЛАНДЫРУ: ТЕҢДЕССІЗ ІТ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Мемлекеттік органдардың жүйелері мен жеке бизнес арасындағы өзара іс-қимыл процесі жеңілдетілді. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтер автоматтандырылады. Қызмет көрсету мерзімі 3 есеге қысқарды. Ағымдағы жылдың соңына дейінгі міндет — мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін 100 процентке интеграциялау және мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 90%-тін онлайн түрде көрсету болып табылады. Осы орайда Түркістан облысының тұрғындары үшін бірқатар маңызды ақпараттарды ұсынып отырмыз. Нарыққа кіруді оңайлату үшін лицензиялар мен рұқсаттар саны екі есеге қысқарды, Кәсіпорындарды тіркеу оңайлатылды, банктің ағымдағы шотын онлайн ашу енгізілді. Қоғамдық талқылаусыз бизнес үшін шығынды нормаларды енгізуге тыйым салынды, бизнесті жоспардан тыс тексеру үшін негіздер екі есе қысқарды, өзін-өзі реттеу енгізілді. Шағын және орта бизнес субъектілері үшін тіркеу алымы, мөрдің болуы туралы талап, сондай-ақ жаңа құрылыс объектілерін тіркеу кезінде техникалық паспортты ресімдеу қажеттілігі алып тасталды. Техникалық жағынан күрделі емес объектілер бойынша бірқатар құжаттар мен сараптамалар алып тасталды, электр желілеріне қосу кезіндегі рәсімдер қысқарды, жер учаскелерін беру кезінде «бірыңғай терезе» қағидаты енгізілуде.

Сатып алу-сату мәмілелерін тіркеу, техникалық шарттар беруге өтініш беру және талап арыз беру электрондық нысанға ауыстырылды. Әкімшілік кедергілерді одан әрі қысқарту және рәсімдерді оңайлату бойынша мынадай шаралар қабылдау жоспарлануда. Артық талаптарды қысқарту мақсатында кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтардың шағымдары бойынша мемлекеттік органдардың тиімсіз актілерінің күшін жою немесе тоқтата тұру тетігін енгізу ұсынылады. Яғни, бизнеске кедергі келтіретін шешімдер тез күшін жоюы және түзетілуі мүмкін.

«Екеуінің орнына бір реттеу» қағидатын енгізу. Бұл қолданыстағы екі құралдың орнына жаңа реттеуші құралды енгізуді көздейді. Осылайша бизнеске реттеуші жүктеме төмендейді. Лицензиялар мен рұқсаттарды оңтайландыру жоспарлануда. Жоспарлы тексерулерге балама ретінде «кәсіпорындарды диагностикалауға» көшу қамтамасыз етіледі. Бизнестің мұндай диагностикасы жауапкершілікке тартпай жүргізілетін болады және жоспарлы тексерулерді қысқартуға мүмкіндік береді. Қызметтерді цифрландыру шеңберінде бизнес үшін барлық қызметтерді толық электрондық нысанда қамтуды қамтамасыз ету ұсынылады. Бизнесті қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Аталған шараларды іске асыру экономиканың тұрақтылығына, бюджеттің теңгерімділігіне, бизнестің бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *