
Қазір өмірімізді гаджетсіз, интернетсіз елестету мүмкін емес. Балалар ғана емес, ересек адамдар да қоғамдық көлікте, демалыс орындарында қолынан телефонын тастамайды. Ал интернетте пайдалы ақпараттан бөлек арзан күлкі, адам шошырлық дүние де көп. Ересек адамдар ақпараттың ақ-қарасын ажыратуға қауқарлы, ал балалар мұндай қабілетке ие емес. Сондықтан да баланың қолына телефонды ұстатқан соң оның не көріп жатқанын ата-анасы бақылап отырғаны жөн. Әйтпесе балалар арасындағы агрессияның артуы, қоғамнан оқшауланып қалуынан туындайтын түрлі келеңсіз жайттар, тіпті өз-өзіне қол жұмсау фактілері де көбейіп бара жатқаны алаңдатады. Сондықтан қауіпті ойындардан қорғау үшін бірқатар мәселені ескеру керек секілді. Сол үшін мақаламызға назар аударуға кеңес береміз.
Қазіргі заманда интернет – балалар мен жасөспірімдер үшін білім мен ойын-сауықтың негізгі көзі. Дегенмен интернетте ұсынылған ойындардың арасында қауіпті ойындар да бар. Балалар мұндай ойындарға қызығушылық танытып, олардың әсеріне түсуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар мен мұғалімдер балаларды интернеттегі қауіпті ойындардан қорғау үшін не істеуі керек?
Қауіпті ойындардың белгілері
Балаларға қауіпті ойындардың белгілерін түсіндіру маңызды. Олардың қатарына:
Агрессиялық мазмұн: кісі өлтіру, зорлық-зомбылық, қару қолдану немесе басқа да агрессивті әрекеттерді сипаттайтын ойындар.
Сексуалдық мазмұн: жыныстық әрекеттер мен порнографиялық элементтерді қамтитын ойындар.
Кибербуллинг: ойын барысында немесе ойын ішіндегі чаттарда балалардың бір-біріне жасаған психологиялық қысымы.
Жеке мәліметтерді жинау: ойын барысында балалардан жеке ақпаратты сұрайтын ойындар, бұл олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Тәуелділік: ойынның балалардың психологиялық және физикалық денсаулығына теріс әсер етуі, мысалы, көп уақыт жұмсау, басқа маңызды нәрселерді елемеу.