КЕРЕК КЕҢЕС: ХАКЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ЖАЗА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Интернет  тех­­­­но­логия­сы, әлеуметтік желілер, он­­лайн сауда дамыған сайын, кибер­­қауіп­сіздік мәселесі алға шы­ғып барады. Бүгінде Қазақстанда 140 мың веб сайт тіркелген. Ал интер­нет қолданушыларының саны соң­­ғы 10 жылда 76 пайызға жет­ті. Елімізде көбіне банктегі есеп-шоттар, жеке мәліметтер хакер­лердің шабуыл нысанына айналады. Былтырғы мәлімет бойын­ша Қазақстанда мемлекеттік ор­ган­­дарға жасалған сондай ша­буылдар саны 20 есеге артқан. Не­­гі­зінен «Азаматтарға арналған үкі­­мет» базасы нысан болады екен. Себебі онда еліміздегі аза­мат­­­тардың, мүліктердің мәлі­мет­тері және басқа да маңызды ақ­­па­раттар сақталған. Өткен жы­лы мемлекеттік мекемелердің ки­бер­­қауіпсіздігін сақтау үшін қазы­надан 71 миллиард теңге бөлінді.

Қазір мемлекеттік органдарда 1500 IT маман жұмыс істейді. Бұл қажетті қызметкерлер санынан екі есе аз. Ал жалпы Қазақстанда 30 мың киберқауіпсіздік маманы жетіс­пейді екен. Қазақстанда ең көп кибершабуыл әдетте ин­тернет-дүкендерге жасалады. Егер 2012 жылы аталған бағытта ша­буыл 800 рет тіркелсе, 2017 оның саны 25 мыңға дейін өс­кен. Ең қиын шабуылдардың қатарына жаһан бойынша тарайтын вирустар кіреді. Мәселен, 2017 жылы 150 мемлекеттің 100 мың­нан астам кәсіпорны Wanna Cry атты вирусын жұқтырған. Қазақстандағы 4 мемлекеттік ме­­ке­ме де аталған вирусқа «шал­дық­қан» Бұл мәселе өзге елдерге де тән.

Ырысты Жәлілханова, ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы:

— Заң шеңберінде дербес деректерді заңсыз таралып кеткені үшін хабарлау, сондай-ақ хакерлер институтын заңнамалық тұрғыда бекіту, дербес деректер қамтылған құжаттардың көшірмелерін жинауға тыйым салу бойынша нормалар қарастырылған болатын. Бізде хакерлерге қарсы әкімшілік те, қылмыстық та жаза бар. Жеке ақпаратты қолды еткені үшін 1 мың айлық есептік көрсеткіш, яғни 3 млн 692 мың теңге айыппұл қарастырылған. Қылмыстың ауырлығына қарай 2 ден 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағы бар. Әйтсе де компьютердің құлағында ойнайтындарды тұзаққа түсіру оңай болмай тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *