ТҮРКІСТАН: CАУРАН АУДАНЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

 Этносаралық татулықты насихаттау Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы аясындағы кезекті түсіндірме жұмыстары Түркістан облысы, Сауран ауданының Ораңғай ауылдық округі тұрғындарымен кездесумен  жалғасын тапты .
Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Сауран аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев, Ораңғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандықұлы,мәслихат депутаты Абдулрашид Жусупов,қоғамдық медиатор Гүлнара Өстемірқызы және ауыл тұрғындары қатысты.Кездесу барысында этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, дау-дамайдың алдын алу бағытында келелі ойлар айтылды. Ауыл тұрғындары Ораңғай ауылдық округінде этносаралық ахуал тұрақты екендігін айта келе, ауылдағы өзекті мәселелерді филиал басшысы Арсылан Раматуллаевпен бірге талқылады.
Ораңғайда өткен кездесуде ел бірлігін нығайту төңірегінде ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Бұл ретте, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *