Бұл сома бірнеше бөліктен құралады. Ең алдымен, клуб топтық кезеңге жолдама алғаны үшін 18,62 миллион еуро көлемінде сыйақы алады. Бұған қоса, телехабар тарату келісімшарты бойынша тағы 1,28 миллион еуро төленеді. Сонымен қатар, алматылықтар топтық кезеңдегі ең минималды нәтиже үшін 0,28 миллион еуро көлемінде қосымша бонусқа ие болады, деп хабарлайды Insports.kz сайты.
