Түркістан облысының Сауран ауданында көлік қатынасын жеңілдетуге және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, облыстық маңызы бар КХ-60 және КХ-190 – «Еңбекші Дихан» бағытындағы автомобиль жолының 0–4 шақырым аралығындағы орташа жөндеу жұмыстары Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жүргізілуде.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Әкім мердігер мекеме өкілдеріне сапаға ерекше мән беруді тапсырып, жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуын қадағалау қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, ауыл тұрғындарымен тілдесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Облыстық маңызы бар жолдардағы құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі.
