ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ШАХМАТТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында “Жер киесі – Қазығұрт” атты облыстық шахмат турнирі өтті
Жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуға бағытталған додаға өңірдің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық шахматшы қатысты. Оның ішінде, 23 ардагер, 55 ересек және 70 жасөспірім өзара бақ сынасты. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы келіп, қатысушыларға сәтттілік тіледі. Сонымен қатар, зияткерлік сайыс – жастардың дамуына жол ашатын жарқын бастама екендігін атап өтті.
Нәтижесінде, жүлделі 1-орынға қазығұрттық »Профессор» командасы ие болды. Ал, 2-орынды созақтық »Гамбитер» командасы иеленсе, 3-орынды саурандық »Е4-Е5» командасы жеңіп алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *