Қазақстан жыл соңына дейін Ақтау–Баку–Джейхан бағыты арқылы мұнай тасымалдауды 1,7 млн тоннаға жеткізбек

Бұл туралы министр Ерлан Әккежанов пен Әзербайжанның өнеркәсіп және энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен Астанада өткен Kazenergy Week – 2025 аясындағы келіссөздерде мәлім болды.

2023 жылы бұл бағытпен 1,06 млн тонна мұнай жеткізілген. Министр Әккежановтың айтуынша, Ақтау–Баку–Джейхан бағыты ел үшін стратегиялық мәнге ие. Сонымен қатар, Баку–Супса бағыты резервтік арна ретінде сақталмақ.

«ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің дерегінше, 2025 жылы Баку–Тбилиси–Джейхан құбырымен 1,2 млн тонна мұнай жөнелтіледі. Тараптар алдағы уақытта көлемді 1,5–2,2 млн тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігін талқылауда.

Баку–Тбилиси–Джейхан құбыры ұзындығы 1,7 мың шақырым болады және жылына 50 млн тоннаға дейін мұнай өткізе алады. Қазақстан үшін бұл бағыт экспортты әртараптандыру мен әлемдік нарықтарға тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *