ТҮРКІСТАН: ОТБАСЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ

Түркістанда «Отбасына психологиялық қолдау көрсетудің заманауи тәсілдері» тақырыбында әлеуметтік сала мамандарына арналған оқыту тренингі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – отбасылармен жұмыста қолданылатын тиімді психологиялық әдістерді меңгерту, заманауи тәсілдер арқылы мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру және отбасылық қатынастардың тұрақтылығын нығайту.

Тренингке 91 маман қатысты.
Оқыту барысында қатысушылар «Отбасындағы өзара қатынастарды талдау және психологиялық диагностика», «Эмоционалды интеллект пен тиімді коммуникация дағдылары», «Конфликт жағдайларын шешу және келісім орнату тәсілдері», «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға арналған практикалық жаттығулар», «Мамандардың эмоционалды күйзелісінің алдын алу және кәсіби ресурстарды сақтау жолдары» бағыттары бойынша тәжірибе алмасты.
Тренинг интерактивті форматта өтті, яғни қатысушылар нақты жағдайларды (кейс) талдап, рөлдік ойындар, топтық жаттығулар мен пікірталастар арқылы білімдерін тәжірибеде бекітті.
Нәтижесінде, қатысушылардың басым бөлігі тренинг мазмұнын жоғары бағалап, практикалық пайдасын атап өтті.
Әлеуметтік сала мамандары отбасылық дағдарыс жағдайларында психологиялық қолдау көрсетудің жаңа әдістерін меңгерді. Түркістан өңіріндегі отбасы институттарын қолдау орталықтарының жұмысына жаңа серпін берілді.
Іс-шара «QOLDAU Hub» жобалық кеңсесінің әдістемелік сүйемелдеуімен ұйымдастырылып, отбасыларға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *