ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданындағы мектеп «тойхана» деп көрсетілген

Қаржы министрлігі мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік мектептерді қаржыландыруда өрескел заңбұзушылықтарды анықтады деп хабарлайды https://t.me/atamekenbusiness_qaz.

Атап айтқанда, 745 мекеменің 155-і алған кірісін көрсетпеген.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, цифрландырылған 427 мектептің шамамен 30%-ы өз қызмет түрі бойынша бекітілген мақсаттарына сай емес. Мәселен, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы мектептердің бірі – тойхана ретінде, Шымкентте – сауда орталығы және тағы басқа деп көрсетілген.

Тағы 64 мектепте білім алушылар контингенті жобалық қуатынан 2 есе артық. Мысалы, Алматы облысында орналасқан жобалық қуаты 60 адамға есептелген жекеменшік мектептердің біріне іс жүзінде 702 оқушы қабылданған. Бұл жерде азаматтарға білім беру қызметтерін ұсыну үшін мемлекет қаражатын мақсатсыз жұмсау туралы сөз болып отыр. Астанадағы 241 оқушыға арналған жекеменшік мектептің құжаттарында 1003 адам көрсетілген. Сонымен қатар жекеменшік мектептерде жалған мұғалімдер мен қосарланған қаржыландыру фактілері анықталды.

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, Оқу-ағарту және Қаржы министрліктері келесі қаржы жылынан бастап осы салада тәртіп орнатуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *