Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қағаздағы есеп емес, нақты нәтиже

 

​Қоғамды алаңдататын ең өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, тұтас қоғамның дамуына тұсау болатын құбылыс.
​Сыбайлас жемқорлықпен күрес ең алдымен ашықтықтан басталады. Осы мақсатта биыл Түркістан қаласы әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бұл – кемшілікті жасыру үшін емес, керісінше оны ашық мойындап, түзетуге бағытталған қадам. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі күшейтіліп, сатып алу саласындағы мамандарды тұрақты оқыту жұмыстары жүзеге асырылуда.
​Біздің ұстанымымыз — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл формализмге айналмауы керек. Жиналыс өткізіп, есеп бергенмен мәселе шешілмейді. Нәтиже нақты әрекеттен, бақылаудан және жеке жауапкершіліктен басталады. Қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру және насихаттау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
​Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек бақылаушы органдардың міндеті емес. Бұл – әр азаматтың, әр мемлекеттік қызметшінің ішкі жауапкершілігі. Түркістан қаласында осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да ашықтыққа, әділдікке және халық сеніміне негізделе отырып жалғасын табады. Біз үшін ең басты көрсеткіш – қағаздағы есеп емес, тұрғындардың билікке деген сенімі.

Түркістан қаласының әкімі
Әзімбек Пазылбекұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *