ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТӘУЛІГІНЕ 7 ТОННА КҮРІШ ӨҢДЕЙТІН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Аудан әкімі Серік Мамытов отбасылық кәсібін дамытып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отырған Ақбаян Алтауованың күріш өңдеу цехында болды. Кәсіпкердің жеке инвестициялық қаржысы есебінен 190 млн теңгеге Қытайдан арнайы алынған аппараттар мен жабдықтардың жұмысымен танысты. Қазан айында іске қосылған цех тәулігіне 7 тоннаға дейін шикізат өңдеуге қауқарлы. Дайын өнімдер жергілікті және көршілес аудандардың сауда орындарында, Шымкент пен Алматы қалаларында сатылуда. Кәсіпкер алдағы уақытта мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, кәсібін кеңейтуге ниетті.
Ауданда кәсіпкерлерге жасалған қолайлы жағдайлардың нәтижесінде соңғы 5 жылда 94,5 млрд теңгенің инвестициясы тартылып, іске асырылған 8 жоба арқылы 268 жаңа жұмыс орны ашылған. Одан бөлек, Асықата кентінен бөлінген 59 гектар жерге «Жетісай» индустриялық аймағы құрылып, инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүруде. Аталған аймаққа 6 жоба орналастырылып, инвесторлар құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *