Түркістьан облысы Жетісай ауданындағы «Отбасын қолдау» орталығының мамандары әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға нақты көмек көрсету, олардың мәселелерін дер кезінде анықтап, тиісті қолдау тетіктерін ұсыну мақсатында жүйелі әрі мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді.
Орталықтың басты миссиясы — отбасы институтын нығайту, осал санаттағы азаматтардың өмір сапасын жақсарту және қоғамнан оқшауланудың алдын алу.
Ауылдық жерлердегі жағдайға нақты көзқарас тұрғысында жуырда орталық мамандары ауданға қарасты ауылдарында болып, сол ауыл әкімдіктерінен алынған әлеуметтік деректер негізінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды арнайы аралады.
Аралау барысында:
-Отбасының нақты әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы зерделенді;
-Көмекке мұқтаждық деңгейі бағаланды;
-Әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдауды қажет ететін мәселелер анықталды.
-Әр отбасыға жеке әлеуметтік карта жасалып, жағдайы егжей-тегжейлі тіркелді;
-Жеке жұмыс жоспары әзірленіп, нақты қолдау шаралары белгіленді;
Кері байланыс орнатылып, отбасылармен тұрақты байланыс орнату тетіктері іске қосылды. Бұл – мәселеге бір реттік емес, жүйелі әрі нәтижеге бағытталған тәсілмен қараудың көрінісі. Орталық мамандарының айтуынша, әлеуметтік осал отбасылармен жұмыс бір жолғы шара емес және бұл – ұдайы жалғасатын, алдын алу мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған жүйелі саясат.
Әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардың жағдайын жақсартуға бағытталған бұл бастамалар отбасы ішіндегі ахуалды тұрақтандыруға, балалардың тәрбиесі мен болашағына әсер етуге, қоғаммен байланысын нығайтуға жол ашады.
Қорытындылай келе, мұндай жұмыстар – отбасылық және әлеуметтік саясаттың нақты іске асырылу форматы. Жергілікті деңгейде қолға алынған мұндай бағыттар демографиялық тұрақтылыққа, отбасылық институттың нығаюына, ұлттық құндылықтардың сақталуына тікелей әсер ететінін айта кеткен жөн.
