ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ҰРПАҚҚА БАҒДАР

 

Отбасы құндылықтарын нығайту барысында өңірде бірқатар жұмыстар жүргізіліп икеледі. Түркістан облысы Созақ ауданында өткен «Қазыналы Созақ – ұлт руханиятының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция – ұлттың рухани жаңғыруы мен тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған маңызды оқиға ғана емес, сондай-ақ отбасы институты, ұлттық тәрбие мен құндылықтарды дәріптеу жолындағы игі бастамалардың бірі болды.

Бұл тағылымды жиында Созақ өңірінің бай тарихи және мәдени мұрасы кеңінен талқыланып, жас ұрпақты өткенін тануға, отбасылық, ұлттық рухани құндылықтарға сүйенуге үндейтін озық ғылыми тұжырымдар ортаға салынды. Бұл – ұрпақ тәрбиесінде отаншылдық пен ұлттық бірегейлікті арттыруда үлкен үлес қосатын маңызды алаң.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы: «Біз болашаққа сеніммен қадам басу үшін төл тарихымыздың ауқымы кең екенін толық сезініп, мәдени мұрамызды сақтап, оны дәріптеуіміз қажет» деген сөзін келтіре отырып, осы ұстаным тек мемлекетшілдік емес, отбасылық тәрбиенің де іргетасы екенін атап өтті.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков бұл конференцияның аудан үшін маңызын айта келіп, мұндай жиындар арқылы ұрпақ тәрбиесі мен қоғамның әлеуметтік-мәдени дамуына әсер ететін бастамалар жандана түсетінін жеткізді.

Конференция барысында Созақ өңірінің киелі орындарын Түркістан облысының туристік картасына енгізу, тарихи-мәдени инфрақұрылымды дамыту, тарихи мұраларды ЮНЕСКО тізіміне ұсыну мәселелері көтерілді. Бұл – ұлттық болмысты сақтап, тарихи жады арқылы отбасылық құндылықтарды нығайтудың нақты қадамдары.

Жиын соңында қабылданған қарарда тарихи-мәдени мұраларды зерттеу мен насихаттау, жастарға тарихи сана мен отбасылық тәрбие арқылы патриоттық құндылықтарды дарыту, сонымен қатар жергілікті жерлердегі ұлттық тәрбие мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау жолындағы кешенді шаралар ұсынылды.

Мұндай конференциялар – қоғамның рухани дамуы мен отбасылық және гендерлік саясатты үйлестіре отырып, ұлттық бірегейлікті сақтауға, жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыс үлгісі болып табылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *