ТҮРКІСТАН: ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ НЕГІЗДЕРІН БІЛЕ ЖҮРГЕНІҢІЗ АБЗАЛ — 2

 

Бейімделген отбасы – бұл отбасы ішіндегі қарым-қатынастары келісушілікпен, өзара түсіністікпен, тұрақтылықпен сипатталатын отбасы. Сау отбасына қарағанда, ол жайсыздау, бірақ оның заңға бағынатын мүшелері отбасының басқа мүшелерінің мүдделеріне, мінездеріне, дәстүрлеріне, қылықтарына сәйкес негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандырады, шеттету жоқ, оларда тұлғааралық қарым-қатынастардағы даулылықтың, шиеленушіліктің төмен деңгейі ерекшеленеді, тұрмысы өте жоғары деңгейде.

Девиантты отбасы – бұл жоғары әлеуметтік бақылауды қажет ететін отбасы. Осы отбасы трансцендентті және сәтсіз болып екі түрге бөлінеді.

Әлеуметтанушылар ішкі істер органдары үшін профилактиканың маңызды объектісі болып табылатын, тұрмысы қолайсыз отбасыларды проблемалы (немесе әлеуметтен тыс отбасылар) және ұйымдастырылмаған деп шартты түрде бөледі.

Проблемалы отбасы (немесе әлеуметтен тыс отбасы) – бұл мүшесі (мүшелері) мүгедектікке, науқасқа, отбасы ішіндегі жанжалдар мен қатыгез қарым-қатынасқа, жұмыссыздыққа, сондай-ақ олардың өмір тіршілігін бұзатын өзге де мән-жайларға байланысты қиын өмірлік жағдайға тап болған және проблеманы дербес шеше алмайтын отбасы. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі, өзара түсінушіліктің болмауы, бірге тұру жайлылығының жоқтығы отбасы ішіндегі және одан тыс саладағы жанжалдардан, заңсыз мінез-құлықтан байқалады. Проблемалы отбасының өзі дағдарысты және криминогендік отбасы болып бөлінеді. Дағдарысты отбасы – бұл күтпеген жағдайлардың пайда болуы салдарынан (өз күшімен еңсерілмейтін) мемлекет тарапынан жедел әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы. Оларға өртке ұшыраған отбасыларды, оқыс оқиға нәтижесінде ата-анасыз қалған отбасыларды жатқызуға болады. Криминогендік отбасы – отбасылардың үш түрінен құрылған: жанжалды, әлеуметсізденген және қылмысты.

Жанжалды отбасы – бұл отбасы ішінде жанжалдардың болуы отбасының ішінде, сондай-ақ одан тыс жерлерде қылмыстардың белгілі бір түрінің жасалуына мүмкіндік туғыза алады.

Әлеуметсізденген отбасы – мүшесінің қылмыс жасауына мүмкіндік туғызатын не оған қарсы әрекет етпейтін отбасы. Қылмысты отбасы – бұл заңға қайшы бірлескен әрекетке туысқандарды тартумен қылмысты топ болып жасалатын және олардың қылмыстық мінез-құлқын мақсатты түрде тудыратын отбасы.

Отбасылық зорлық-зомбылық отбасы ішіндегі тұлғалардың өзара әрекеттесуінің ең шұғыл жанжалды нысаны ретінде күш көрсету зорлық-зомбылығын, экономикалық, психологиялық және жыныстық зорлық-зомбылықты қамтиды.

Күш көрсету зорлық-зомбылығы – отбасы мүшелерінің және олармен келісіп өзге де адамдардың жәбірленушіге дене жарақатын келтіруі, сондай-ақ бас бостандығынан, үйінен, тамағынан және қалыпты өмірдің басқа да жағдайларынан айыруы, бұл жеке тұлғаның дене және психикалық денсаулығының бұзылуына, өліміне, ар-намысы мен абыройына зиян келтіруі мүмкін.

Психологиялық зорлық-зомбылық – жәбірленушінің ар-намысы мен абыройын қасақана кемсіту, оның өміріне қауіп төндіретін, денсаулығына зиян келтіретін немесе психикалық даму мен денсаулығының бұзылуына әкелетін қоғамдық қаупі бар әрекеттерді қорқыту, бопсалау, қорлау, алдау жолымен жасауға мәжбүрлеу.

Жыныстық зорлық-зомбылық – жеке тұлғаның жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу, сондай-ақ отбасы мүшесінің тарапынан педофилия фактілерін қоса алғанда, оның психикалық-жыныстық дамуын бұзатын өзге де іс-әрекеттер.

Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру, бұл дене саулығының және (немесе) психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмысы деп – отбасының бір мүшесінің басқа мүшесіне қарсы жасайтын, оның өміріне, денсаулығына, бостандығына, ар-намысына, абыройы мен жыныстық еркіндігі мен тәуелсіздігіне қол сұғатын қылмыс деп түсіндіреді. Криминологиялық жағынан отбасы ішіндегі қылмыстардың қатарына ананың жаңа туған сәбиді өлтіруін қоса алғанда, заңды түрде тіркелген, сондай-ақ тіркелмеген отбасы ішінде жасалған қылмыстарды жатқызған жөн. Қазіргі кезде отбасы ішіндегі қылмыстық зорлық-зомбылық маңызды әлеуметтік проблемалар қатарына шығуда. Отбасы-тұрмыстық саласындағы қылмысты мінез-құлық өзінің едәуір таралуына орай қоғамға елеулі зиян келтіреді. Осы саладағы криминологиялық және қылмыстық-құқықтық зерттеулердің маңыздылығы адам құндылықтарының жүйесіндегі, адам тарихының өзінде отбасылық- тұрмыстық қарым-қатынастардың ерекше орнымен айқындалады. Бұл отбасы қоғам мен мемлекет тарапынан тұрақты әрі сенімді қорғауды мұқтаж ететін, қоғамның табиғи және басты ұясы ретінде әлем шеңберінен тануынан байқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *