ТҮРКІСТАН: АНАЛАР МЕН АРУЛАР АРДАҚТАЛДЫ

 

Түркістан қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік салтанатты кеш өтті. Анаға деген құрмет пен алғысқа толы бұл кешке қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, зиялы қауым өкілдері, көпбалалы аналар, түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты.

әкім2
Мерекелік шара Р.Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театры әртістері сахналаған әсерлі прологпен басталды. «Ана – өмір шуағы» деп аталған көрініс ананың мейірімі мен өмірдегі орны туралы терең ой салды. Сонымен қатар «Яссы» және «Әгугай» би ансамбльдері сахналық қойылым ұсынып, кештің көркін аша түсті. Көрермендерге заманауи 3D бейне мен жасанды интеллект көмегімен әзірленген көрнекі контент ұсынылып, мерекелік кеш ерекше форматта өтті.

әкім1
Салтанатты жиында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, аналардың қоғамдағы орны айрықша екенін атап өтті. Сондай-ақ, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар аналар мен нәзік жандыларға арнайы марапаттар табыстады.
Кеш соңы өнер мерекесіне ұласып, сахнада танымал әншілер өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Атап айтсақ, түркістандық нәзік жандялар құрметіне елімізге белгілі өнерпаздар Еркін Нұржанов, Бақытжан Мұстафаев, Асан Пердешов, Сырым Исабаев өздерінің жүрекжарды тілектері мен әсем әндерін тарту етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *