Шардара ауданында 23 наурыз – Тазару күніне орай өткен “ТазаLIKE” экофестивалі барысында “Мөлдір бұлақ” акциясы ұйымдастырылды.
Аталған шараға “Казсушар”, Орман шаруашылығы және “Хамит” балық зауытының қызметкерлері белсенді қатысып, су жағалауларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жағалау аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Мұндай игі бастамалардың мақсаты – табиғатты қорғау, су көздерінің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру. Бірлескен еңбек нәтижесінде табиғат аясы тазарып, туған өлкенің көркі арта түсті.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
