ТҮРКІСТАНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

 

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңі аясында Түркістан қаласында «Мөлдір бұлақ» жалпыұлттық экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Img 4534 Img 4533

Аталған шара Қызылорда тас жолы бойындағы «Қарашық» өзенінің аумағында өтті. Экологиялық акцияға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Нәрікбаев қатысты.

Іс-шараға дербес бөлімдер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, коммуналдық мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ 6 сектордан жалпы саны 300-ге жуық адам жұмылдырылды.

Акция барысында өзен жағалауын тазалау, тұрмыстық қалдықтарды жинау және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау.

#turkistan

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *