Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өңірде жүзеге асырылып жатқан тамшылатып суғару жүйелерін шаруашылыққа енгізу жұмыстарымен танысып, егістік алқаптарды аралады. Аудан басшысы су үнемдеу технологияларын кеңінен қолданудың маңыздылығына тоқталып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Биыл ауданда су үнемдеу технологияларын 8 000 гектарға енгізу жоспарлануда. Қазіргі таңда ауданда 7 949,6 гектар егістік алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда, келісім-шарттар жасау, субсидияларға өтінім беру және құрылыс-монтаждау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Аталған жұмыстарды үйлестіру шаралары тұрақты бақылауда. Су үнемдеу технологияларын енгізу – су ресурстарын тиімді пайдаланып қана қоймай, егін өнімділігін арттыруға да мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
