
Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев бірқатар ауылдардағы ауыз су жүйелерінің жай-күйімен танысты. Биыл аудандағы барлық ауылдар толықтай таза ауыз сумен қамтылмақ. Осы бағытта «Тұраркент Су» мекемесі тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атқарылған жұмыстар аясында аудандағы Жабағылы ауылдық округінде 10 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан кәріз жүйесіне жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ауыз су құбыры тартылып, 12 құдық орнатылған. Ал Күмісбастау ауылдық округінде 2 шақырымнан астам ауыз су желісі жүргізіліп, құбырлар орнатылған.
Бұдан бөлек, Кемербастау ауылында да ауыз су құбырын орнату жұмыстары басталған. Мамыр айының соңына дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ауыл тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізбек. Сондай-ақ, Көктерек ауылында ауыз су жүргізу жұмыстары толық аяқталып, 1 маусымға дейін жұмыстар толық аяқталмақ.
