ПРЕЗИДЕНТ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ӨКІЛДЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, елдің мәдени және рухани мұрасын сақтап, оны байыту жолындағы еңбектері үшін алғыс айтты.
«Бұл – еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке. Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысы мен рухани дербестігінің арқауы екенін бәріміз жақсы білеміз. Мәдени және рухани дүниесін сақтай білген елдің мәртебесі биік, мерейі үстем болары айқын. Сіздер осы игі мақсат жолында табанды жұмыс істеп келесіздер. Қоғамымыз бұл еңбекті жоғары бағалайды», – деді Мемлекет басшысы.
Президент бүгін төл мәдениетіміздің өрісін кеңейтіп, халқымыздың рухани дүниетанымын байыту жолында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматты жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Жалпы, биыл елімізде 120 мәдениет және өнер қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *