ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Жетісай ауданында білім саласы қызметкерлерінің бір жылдық еңбегі қорытындыланып, үздік ұстаздар мен білім беру ұйымдары марапатталған салтанатты шара өтті. Қарақай ауылдық округіндегі Қ.Сәтпаев атындағы мәдениет үйінде жоғары деңгейде ұйымдастырылған жиынға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, мектеп директорлары мен ұстаздар қауымы қатысты.
Іс-шара барысында аудан басшысы оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтап, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етіп жүрген педагогтердің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.
722753019 1335107782141453 7617461184440353796 N
Салтанатты жиында аудан мектептерінде еңбек етіп жүрген үздік педагогтердің жетістіктері ерекше аталып өтті. Оқушыларын республикалық және халықаралық білім бәйгелеріне дайындап, аудан мерейін асқақтатып жүрген ұстаздарға, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және сапалы білім беруге қосқан үлесі үшін бірқатар мектеп ұжымдарына құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталды.
Мұғалімдердің қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесінде ауданның білім саласы жаңа деңгейге көтеріліп, соңғы жылдары облыстық, республикалық және халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауларында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген шәкірттердің саны артқан.
Мерекелік шара барысында аудан өнерпаздары мен талантты оқушылар сахна төрінде өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем ән шырқалып, ұлттық және заманауи билер орындалды. Салтанатты кештің сәнін арттырды.
Ұстаз еңбегін ұлықтаған тағылымды жиын білім саласы қызметкерлерінің мәртебесін арттырып қана қоймай, олардың жаңа оқу жылындағы тың жетістіктерге деген жігерін шыңдай түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *