«БЕС ЖЫЛ – БЕС БЕЛЕС»: «ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫНА 5 ЖЫЛ

Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қайта құрылғанына 5 жыл толуына орай «Бес жыл – бес белес» атты мерейтойлық салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, республика және өңір кітапханаларының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ардагер кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.
748931079 2230586521022952 1162160333567462179 N
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кітапхана ұжымын мерейтоймен құттықтап, өңірдің рухани-мәдени өміріндегі кітапхананың маңызды рөлін атап өтті. Сонымен қатар кітапхана саласының үздіктеріне марапаттар табысталып, «Оқитын өлке», «Жыл кітапханашы» және «Алтын формуляр» номинацияларының жеңімпаздары анықталды.
Мерейтой аясында кітапхананың бес жылдық даму жолы мен жетістіктерін таныстыратын арнайы бейнеролик көрсетіліп, «Бес жыл – бес белес» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде кітапхана тарихы, сирек қордағы құнды басылымдар, жаңа жобалар мен соңғы жылдары жарық көрген еңбектер көпшілік назарына ұсынылды.
748533984 1047563214628415 8171542466568929878 N
Сондай-ақ кітапхана ісінің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен сала қызметкерлері марапатталып, халықаралық әріптестер қатысуымен мәдени ынтымақтастықты нығайту бағытындағы бастамалар талқыланды.
Айта кетейік, 2021 жылы пайдалануға берілген «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бүгінде өңірдің ірі мәдени-ағартушылық және ғылыми-ақпараттық орталықтарының біріне айналып, кітап оқу мәдениетін дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және халықаралық мәдени байланыстарды нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *